Ертең, яғни 19 қыркүйек күні Алматы қаласында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтпек. Сондықтан Алматыда жол қозғалысы шектелетін болады.
Қалада өтетін жәрмеңкеге байланысты Төле би көшесінің қиылысы, Абылай хан даңғылынан Фурманов көшесіне дейін, Панфилов көшесінің қиылысы, Бөгенбай батыр көшесінен Қазыбек би көшесіне дейін көлік қозғалысы тоқтатылады.
Алматылықтарға 50-ден астам өнім түрлерін ұсынатын Алматы облысы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілері. Бұл жәрмеңкеге Алматы облысының 16 ауданы және Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалаларынан 280 тонна экологиялық таза әрі сапалы өнімдер жеткізілмек. Жәрмеңке барысында қала тұрғындары мен қонақтары 105 тонна жеміс, көкөніс, 93 тонна ет, 22 тонна сүт өнімдері, жалпы құны 115 млн. теңгенің өнімін базар бағасынан 15-20 пайызға арзан бағада сатып алуға мүмкіндік алады.
Әсел Әнуарбек
http://turkystan.kz/