АЛТЫНОРДА
Новости

«Газпром» Түркияға газ құбырын 2016 жылдың соңында қоспақ

Ресейдің мемлекеттік «Газпром» компаниясының директоры Алексей Миллер 2016 жылдың соңына қарай Түркияға тартылатын жаңа газ құбырын іске қосу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Анкараға сапары кезінде Миллер тараптар «биылғы жылдың екінші жартысында үкіметаралық келісім жасасып, 2016 жылдың желтоқсанына қарай Түркияға газ тасымалдай бастайтындай жұмыс істесуге» уағдаласқанын айтты.

Қара теңіз арқылы салынатын жаңа газ құбыры жоспар бойынша жылына 63 миллиард текше метр газ тасымалдауы тиіс. Газдың бір бөлігі Түркияға сатылады. Қалған газ Түркия-Грекия шекарасындағы тарату орталығында сақталмақ.

Мәскеу өткен жылдың соңында Еуропа Одағына газ тасымалдауы тиіс болған «Оңтүстік ағын» жобасынан бас тартып, газ құбырын Түркияға тарту жоспары барын жариялаған.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26817120