Индонезияда бүгін, 9 шілдеде президент сайлауына дауыс беру басталды. Президенттіке сайлауға Джакарта губернаторы Джоко Видодо мен отставкадағы генерал Прабово Субианто түсіп жатыр.
Қоғамдық сауалнама нәтижелері екі кандидаттың да жеңіске жету мүмкіндігі шамалас екенін көрсетіп отыр. Бірақ көпшілік сарапшылар Видодоны Индонезиядағы ең танымал саясаткерлердің бірі және жеңістен басты үміткер деп санайды.
Индонезияның қазіргі президенті Сусило Бамбанг Юдойоно сайлауға қатыса алмайды. Себебі бұл ел конституциясы екі реттен артық мерзімге президенттікке сайлануға рұқсат етпейді.
Индонезияда дауыс беру құқығы бар азаматтар саны 190 миллионға жетеді.
http://www.azattyq.org/content/news/25450559.html