Сейсенбі күні кеште, 29 наурызда, Бірінші арнадағы «Пусть говорят» бағдарламасында Алматыда тұратын кішкентай Интернет жұлдыздары жайлы сюжетті көрсетті. Бес жасар Әмина мен үш жасар Әдия және бір жарым жасар Аружан, олардың ата-анасы бағдарламаның «Аффтор жжет» циклының қонағы болды.
«Мен адамдарды күлдіргенді жақсы көремін, түрімді тыржитып, қызықты вайндарды түсіремін», — деді Әмина тележүргізушінің сұрағына жауап бере отырып.
Бүлдіршін адамдардың оны Қызыл алаңға барғанда танып жатқанын айтқанда «Осы бағдарламадан кейін сен тіпті Роза Рымбаевадан да атақты болып кетерсің», — деп әзілдеді Андрей Малахов.
38-ші минуттан бастап көріңіз:
Айта кетейік, қыздар 2015 жылдың тамызынан бастап қызықты видеолар түсіре бастаған еді. Айта кетейік, алматылық бүлдіршіндер Интернетте жұлдызға айналды. Қыздар түскен қысқа видеолар YouTubeжәне Instagramжелісінде мыңдаған көрілім жинап жатыр.
Толығырақ: http://alashainasy.kz/culture/internet-juldyizdaryina-aynalgan-almatyilyik-buldrshnder-jaylyi-pust-govoryat-82591/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі