АЛТЫНОРДА
Новости

iPhone адам өміріне қауіпті ме?

Астана. 2 ақпан. Baq.kz – iPhone смартфонына қатысты АҚШ-та тағы да дау туындап отыр. Мэн штатының тұрғыны, 14 жастағы жасөспірім қыз қалтасындағы ұялы телефонының өртеніп кетуі салдарынан денесін күйік шалып, ауруханаға түсті деп жазады Portland Press Herald басылымы.

Оқыс оқиға жұма күні Кеннебанк қаласында орын алған. Басылымның хабарлауынша, оқушы қыз смартфонды шалбарының артқы қалтасына салып, орындыққа отырған. Сол сәтте телефонның шытынаған дабысы шығып, артынша түтін пайда болыпты.
Сасып қалған қыз қорқыгыштан сыныпты айналып жүгіре берген. От тұтанып кеткеннен кейін жерге жатып аунап өшіріпті. Дәрігерлердің айтуынша, оқушының жамбасы қатты күйген. Дегенмен, ол қазір үй жағдайында емделіп жатыр.
Жергілікті билік өкілдері қазір болған жайттың себебін анықтап жатыр. Ал, өрт сөндіру қызметінің мамандары болса смартфон шытынағаннан кейін тоқ тұйықталып, от тұтанған дейді. Ал, Apple компаниясы бұл жайтқа байланысты ешқандай мәлімет берген жоқ.
Айта кетейік, өткен жылдың жаз айларында қытайлық бойжеткендердің бірі iPhone телефонымен сөйлесіп жатып, тоқ ұрып қайтыс болған еді.

 

http://baq.kz/kk/news/42966