АЛТЫНОРДА
Новости

Иран көсемі АҚШ-тың Иракқа шабуыл жасауына қарсы

Иранның рухани көсемі АҚШ-тың Иракка әскер кіргізуіне қарсы мәлімдеме жасады. Аятолла Әли Хаменеи Иракқа тек қана АҚШ-тың емес, басқа елдердің де әскер кіргізуіне қарсы.

Ирандық БАҚ 22 маусым күні Хаменеидің «Біз Ирак үкіметі қақтығысты өзі тоқтатады деп сенеміз» деген мәлімдемесін таратты. Ол «бұл жерде негізгі кикілжің АҚШ-ты жақтайтындар мен Ирак тәуелсіздігін қолдайтындар арасында болып отыр» дейді.

Хаменеи Ирак үкіметіне қарсы күресіп жатқан «Ирак және Левант ислам мемлекеті» ұйымы туралы ештеңе айтпады. Бұл ұйым Ирактағы бірнеше қаланы басып алды. Иран шииттер басқаратын Ирак үкіметіне көмек ретінде әскери кеңесшілерін жіберіп отыр.

АҚШ президенті Барак Обама 19 маусым күні «Иракқа 300 сарбаз жіберетінін» мәлімдеген еді. Бірақ Обама Ирак қақтығысына АҚШ-тың белсене араласпайтынын айқын аңғартты.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140622/330/330.html?id=25431321