АЛТЫНОРДА
Новости

Израиль ХАМАС нысандарына шабуыл бастады

Израиль қарулы күштері Газа секторындағы ХАМАС ұйымының жасақтарына қарсы «Қорғаныс шебі» операциясының басталғанын хабарлады.

Израильдің өзін-өзі қорғау күштерінің өкілі, подполковник Питер Лернердің хабарлауынша, операция барысында ХАМАС-тың Изарильге шабуыл жасауда қолданылған нысандарына соққы беріліп жатыр.

Бұған дейін Израильдің өзін-өзі қорғау күштері Газа секторында жағдайдың шиеленісуіне байланысты резервтегі мың жарымға жуық адамның әскерге шақырылатынын хабарлаған. Израильдік және халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, операция 8 шілдеге қараған түні басталған.

7 шілдеде Газа секторынан Израиль территориясына қарай ондаған зымыран атылған. Зымырандардың біразын зымыранға қарсы әуе қорғанысы жүйесі атып түсірген, кейбірі елді-мекендерге түскен.

Газа секторындағы жағдай соңғы күндері палестиналық жеткіншектің өлімінен кейін шиеленісе түскен. Мұның алдында 12 маусымда Иордан өзенінің батыс жағалауында ұрланған израильдік үш жасөспірімнің өлі денелері табылған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140708/330/330.html?id=25449181