АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Кайыржан Торежан. Алғаш рет Қазақстанда оқу-жаттығу бес облыстың аумағында өтеді

????????????????????????????????????

Алғаш рет Қазақстанда Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің басшылық етуімен  ҚР бес облысында, яғни, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында бір уақытта өтетін «Айбалта-2015» ауқымды оқу-жаттығуы басталды.  

 

Бүгін Алматы облысының «Көктал» оқу-жаттығу полигонында оқу-жаттығудың белсенді фазасы басталды.

Таңсәріден бастап «Көктал» полигонында әрі-бері сапырылысқан, құмырсқадай қаптаған ығы-жығы адам. Яғни, 4000 әскери қызметші, шамамен 1800 бірлік техника мен қару-жарақ, 10 батальоннан астам жеке құрам мен нағыз журналистік «десант» — Қазақстанның барлық өңірінен жиналған БАҚ-тың 20-дан астам өкілі Отанды қорғау қалай екендігін өз көздерімен көруге және барша қазақстандықтарға көрсетуге келді.  

5 облыста бір уақытта өтіп жатқан «Айбалта-2015» оқу-жаттығуы ауқымдылығымен таң қалдыруда, жалпы алғанда, оған шамамен 10 000 әскери қызметші, Құрлық әскерлерінің 20-дан астам бөлімшесі, 2000-нан астам бірлік техника, ал жөнелту үшін 17 эшелон тартылды.

????????????????????????????????????

Онда Әуе қорғанысы күштері, ҰҚК Шекара қызметі және жергілікті билік органдары қатыстырылды. Тақырыппен дағдарыстық аудандарда бірлескен арнайы әскери операцияларды дайындау және жүргізу айқындалған. Тақырыпты таңдау өзекті және қазіргі заманғы геосаяси өзгерістердің маңызды факторларымен қабылданған. Бүгінде әлемнің көптеген өңірлерінде мемлекеттік бастамаларды босаңсытуға талпынған экстремистік, лаңкестік және сепаратистік ұйымдардың жандануына байланысты жағдайдың тұрақсыздандырылуының  елеулі қауіп-қатері туындауда. Сондықтан «Айбалта-2015» оқу-жаттығуын өткізу әскерлердің далалық машығының деңгейін арттыру ісінде кезекті қадам болмақ, сондай-ақ арнайы операцияларда әртүрлі ведомствоаралық топтамаларды құру және қолдану мәселелерін зерттеуге мүмкіндік береді.  

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

Оқу-жаттығудың ортақ ниеті Әуе қорғанысы күштері, Шекара қызметі және жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимылда арнайы операцияларды дайындау және жүргізу көзделеді. Осының нәтижесінде шартты заңсыз қарулы құралымдар оқшауланып, жойылады, оларға ведомствоаралық топтамалардың соққы күштерімен тойтарыс беріледі.  

«Айбалта» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы 18 қыркүйекке дейін өтетінін айта кеткен жөн.

 

 

1 500-ге жуық қазақстандық ҚР ҚК бөлімдерінде әскери-оқытылған резервтің дайындығынан өтеді

 

Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери міндеттілермен әскери жиындар бастау алды. 1 500  қазақстандық ер-азамат екі апта бойы ҚР ҚК шынайы жауынгерлік әскери бөлімдері мен әскери полиция жасақтарында әскери қызмет өткеретін болады.

 

«Жиындар жүйелі түрде әскери-оқытылған резервтің құрамын толықтыру және Қазақстан Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін арттыру мақсатында өткізіледі», — деп түсіндірді ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінде.  

Тәжірибелі әскери қызметшілердің басшылық етуімен әскери міндеттілер жауынгерлік даярлық пен әскери іс негіздерін зерделейді, жеке әскери мамандықтарды, қару-жарақ пен техниканы меңгереді. Аяқталысымен олар жиын оқу бағдарламасын игергенін, соғыс уақытында тағайындалуы мүмкін әскери есепке алу мамандықтары мен лауазымдарға сәйкес келуін растап, емтихан және сынақ тапсыруы тиіс. 

Әскери-оқытылған резерв бағдарламасын сәтті аяқтағандарға кезекті әскери атақтар беріледі.

????????????????????????????????????

Жиын қатысушылары арасында офицерлер, сержанттар және запастағы сарбаздар екенін атап өткен жөн.  Олардың ішінде, сондай-ақ әскери қызметке алғаш жолданғандар да бар. Бес күн ішінде олар міндетті түрде әскери ант қабылдайды.

Бүгінгі күні жиын Қапшағайда өтіп жатыр. 9 қыркүйектен бастап Қарағандыдағы, Отардағы және Семейдегі Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдерінде, сондай-ақ Қарағанды, Семей, Тараз, Алматы және Шымкент гарнизондарының әскери полиция жасақтарында басталады.

Артиллерия жиынында әскери қызметшілер қорғаныс және шабуылдау ұрысында бөлімшелерді жауынгерлік қолдану мәселелерін пысықтады 

 

ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзаковтың нұсқауларына сәйкес «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында «Шығыс» жалпыәскери полигонының базасында тамыздың 3-і мен қыркүйектің 15-і кезеңінде артиллерияның лагерьлік жиындары өтеді.  

Жиын міндеті «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы артиллериялық құрамаларының, бөлімдері мен бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру болып табылады.  Бұл іс-шараға қатысатын әскери қызметшілер заңсыз қарулы құралымдарды жою, артиллериялық бөлімдер мен бөлімшелердің техникасы мен қару-жарағын жауынгерлік міндеттерді орындауға әзірлікке келтіру бойынша арнайы жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу барысында қорғаныс және шабылдау ұрысында артиллериялық құрамаларды, бөлімдер мен бөлімшелерді жауынгерлік қолдану мәселелерін, сондай-ақ офицерлердің, сержанттар мен жеке құрамның кәсіби даярлығын жетілдіруді, әскери қызметшілердің далалық дағдысы мен моральдық-психологиялық қасиеттерін арттыруды пысықтады.

Оқу-жаттығуға «Шығыс» ӨңҚ әскерлері қолбасшысы басқармасының артиллериясы және зымыран әскерлерінің штабы, 10181, 28738 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері,  27943, 40398, 10810 әскери бөлімдерінің артиллериялық бөлімшелері тартылды.

Жиын бес кезеңде өтті. Ұдайы орналасу пунктінен артиллериялық құрамаларды, бөлімдер мен бөлімшелерді «Шығыс» полигонына алмастыру, лагерьлік жиын ауданына құрамдастырылған тәсілмен марш жасау. Содан кейін взводтардың, батареялардың, артиллериялық дивизиондардың, бригадалардың үйлесуі және ұдайы орналасу пунктіне оралуы.

«Шығыс» полигонындағы лагерьлік жиынға ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұқан Дүйсекеев пен ҚР ҚК Зымыран әскерлері және артиллерия қолбасшысы полковник Лұт Әлшекенов барды.

Мұндай лагерьлік жиындар жылына екі рет өткізіліп тұратынын айта кеткен жөн. Алдыңғысы Аягөздегі «Майлино» полигонының базасында ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында өтті.