АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қайыржан ТӨРЕЖАН.БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ҚОЙЫЛДЫ

image (2)Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің туған күніне орай Алматы қаласында 2016 жылдың 25-мамырында еске алу күні өтті. Халық қаһарманы атағы иегерінің ескерткіш тақтасы орнатылған орынға тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылды.

Қалалық жергілікті басқару органдары, Алматы өңірлік гарнизоны және image«Генералдар кеңесі» ұйымдастырып отырған іс-шараның көркін Алматы әскери құрлық институтының үрмелі оркестрі аша түсті. «Генералдар кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайдаров Рустем Есімханұлы – Халық Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың ерліктерін жас ұрпаққа айтып өтті. Аталған тұлғаның өмірі талай буынға нағыз ерлік пен Отанына деген шексіз сүйспеншіліктің кермет үлгісі ретінде мұра болып қалмақ.  Осы тұрғыда Отан алдындағы борышын асқан адалдықпен қорғаған әскери қайраткеріміздің ерліктерін image (3)жалғастыру бағытында жұмыстардың жүргізіліп жатқанын – қалалық әкімшіліктен келген ісшкі саясат бөлімінің бас маманы Алибеков Айбек Орынбайұлы атап айтты.

Адамзаттың эталонына айналған, Ұлт мақтанышы – Сағадат Нұрмағамбетовтың ерен еңбегінің жалғастырушы ұрпақтары біз – деп Жас Ұлан Республикалық әскери мектептің тәбиеленуші түлегі мақтанышпен жеткізді. Еске алу сәтін әскери инженерлік және радиоэлектроника институтынан және құрлық әскери институтының курсанттары мен әуе шабылуына қарсы қорғаныс әскерінің әскери қызметшілерінің салтанатты image (1)шеруімен аяқтап, барлық жиналушылар бейіт басына жол тартты. Жиналған қауым ер жүрек батырымыздың рухына құран бағыштады. Ер есімі ұмытылмайтындығын «генералдар кеңесінің» төрағасының орынбасары Телегусов Махмұт Өтегенович баса айтып өтті. Еске алу күні «Офицерлер үйіндегі» керемет концертпен жалғасын тапты. Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов қазаққа қымбат есім болып қала береді.