АЛТЫНОРДА
Новости Алматы

Қайыржан ТӨРЕЖАН.ҚАНДАЙ ШАҒЫМ БОЛМАСЫН ШЕШІМІН ТАБУЫ КЕРЕК

KKR_4564Алматы қаласына іссапармен келген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов кеше өткен «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының кезектен тыс XVII конференциясына қатысты.

         Кезектен тыс өткізіліп отырған «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының XVII конференциясындағы күн тәртібіне – «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының Төрағасын сайлау, партияның Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы және Қазақстан Республикасының Президенті, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын және «Елбасының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын іске асыру аясындағы «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының жұмысы туралы үш мәселе кірді. Конференцияға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының Төрағасын сайлау, патрияның Алматы қалалық филиалының орталық жәнеқалалық Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, Алматы қалалық мәслихатындағы депутаттық фракцияның мүшелері, аудандық филиалдардың, қалалық атқару органдарының басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

KKR_4577«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының өкілеттік нормасына сәйкес, 340 партия мүшесінен бір делегат есебімен конференцияға 151 делегат қатысты. Делегаттардың барлығы «Нұр Отан» партиясының жарғысына сәйкес сайланған. Делегаттар құрамы арасында өндірістік және шағын бизнес өкілдері де бар экономиканың әртүрлі салаларын, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, мемлекеттік басқару органдары, үкіметтік емес ұйымдар мен қауымдастықтар  сияқты қоғамның барлық саласын қамтиды.Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, Комиссия төрайымы Ханзада Есенованың баяндауы бойынша, делегаттардың ішіндегі 53 пайызы әйелдер. Делегаттардың сапалық жағы атқаратын қызметтері бойынша мынандай мәліметтермен сипатталады: 22 адам білім беру саласының, 17 – мәдениет, 18 делегат денсаулық сақтау, 20 адам құрылыс, көлік, коммуникация салаларының,47 адам мемлекеттік органдардың, 15 дам үкіметтік емес ұйымдардың, 7 бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

         – Құрметті әріптестер, тамыз айында болған кадрлық өзгерістерге байланысты бүгінгі жиында «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы Төрғасының кандидаттығын қарағалы отырмыз. Бұл мәселені қараудан бұрын осы Алматы қаласының әкімі болып, оған қосымша «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының Төрағасы болып қызмет атқарған Ахметжан Есімовке алғысымызды білдіргіміз келеді. Ахметжан Смағұлұлы әкімдікпен қоса партияның жұмысын қоса атқарған кезде партияға жүктелген міндеттердің өз деңгейінде орындалуына, саяси мәселелердің шешілуіне, Алматы қаласының еліміздің саяси өміріндегі орнының қандай екенін сіз бен біз білеміз, осының барлығын ескере отырып  өзінің үлкен үлесін қосты деп айта аламыз, — деп сөзін бастаған«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов. — Ал енді Төрағаның кандидатурасына келетін болсақ, сіздер білесіздер, бүгінгі таңда осы «Нұр Отан» партиясына жүктеліп отырған қандай міндеттердің бар екен, осыған орай жергілікті жерлерде өңірлік филиалдардың барлығында төраға болып әкімдердің сайланып жатқаны бекер емес, оны сіз бен біз жақсы білеміз. «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының Төрағалығына Байыржан Байбекті Елбасының тапсырмасына сәйкес ұсынып отырмыз. Оның өмірбаянынғ еңбек жолын айтып жатудың қажеті жоқ, кеше ғана болған KKR_4599тағайындауларда оның барлығы айтылды. Үлкен лауазымды мемлекеттік қызметтерде тәжірибе жинады, оған қосымша іскерлігі бар. Бүгінгі таңға дейін атқарған қызметтерінде, сол тәжірибелерді жинай отырып Елбасы жүктеген міндеттерді ойдағыдай орындап келе жатқан азамат. Бұл жұмысты да ойдағыдай атқаратынына біздің күмәніміз жоқ, — деп Алматы қалалық филиалына төраға сайлау туралы өзінің ұсынысын айтты.

         Бұл ұсынысты конференция делегаттары дауысқа салып, бірауыздан қолдады. Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының Төрағасы болып жаңа сайланған Бауыржан Байбек Елбасының тапсырмасымен арнайы келіп, партия жұмысында үлкен сенім артып отырғаны үшін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовке, партиялас әріптестеріне алғысын білдірді. «Халыққа жақындығымызды көрсетіп, халықтың мұң-мұқтажын біліп, жағдайларын шешіп, Елбасының саясатын халыққа түсіндіріп, халықты жұмылдырып, партияға жүктелген үлкен міндеттерді атқарып келе жатырмыз. Асқар Исабекұлы, өзіңізді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары болуыңызбен құттықтаймын! Алматы қаласына партия жүктеген міндеттерді Сіздің қолдауыңызбен барлық күш-жігерімізді жұмсап орындаймыз деп ойлаймын», деді Бауыржан Байбек. Сондай-ақ, ол жеті жарым жыл қалалық партия филиалын басқарған, партиялық жұмыстарды бірге атқарған Ахметжан Есімовке де алғысын айтты.

         «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтың Алматы конференциясына арнайы келіп қатысуының тағы бір себебі бар екен. «Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары болған кездегі партияның дамуына, әлеуметтік және идеологиялық саладағы жұмысына елеулі үлес қосқанын бәріміз білеміз. Бауыржан Қыдырғалиұлының басшылығымен біздің партия ашықтық, есеп беру, тиімділік принциптерімен жұмыс істей бастады. Осы кезең ішінде партиялық жобалар іске асырыла бастады. Атап айтсақ, электрондық партия, саяси партиялардың ішінде бірінші рет «Нұр Отан» партиясының қаржылық-шаруашылық қызметінің есебі жарияланды және ең бастысы – партияның материалдық-техникалық қамтамасыз ету бағытында барлық өңірлік филиалдар партияның меншігіне өтті. Мен бір жағымды мәселемен келіп отырмын, партияның Саяси бюросының шешімімен Бауыржан Қыдырғалиұлын «Белсенді қызметі үшін» медалімен марапаттағым келеді. Біз оның жаңа, жауапты жұмысында мемлекет жүктеген міндеттерді атқаруда табыстарға жетуге тілектеспіз» деп Бауыржан Байбектің кеудесіне медальды тақты. 

         Әрі қарай делегаттар конференцияның күн тәртібіндегі екінші мәселеге көшті. Алматы қалалық филиалының төрағасы Ахметжан Есімовтың басқа қызметке ауысуына және «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының Төрағалығына Бауыржан Байбектің сайлануына байланысты «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселені дауысқа салу арқылы шешетін болды. Саяси кеңестің құрамына және бюроның мүшесі болып Бауыржан Байбекті кіргізуге делегаттар бірауыздан дауыс берді. Конференция жұмысын әрі қарай жаңа сайланған филиал Төрғасы Бауыржан Байбек жүргізді.

         Қазақстан Республикасының Президенті, партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын және «Елбасының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын іске асыру KKR_4635аясындағы «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының жұмысы туралы филиал төрағасының бірінші орынбасары Кенжехан Мәтіжанов жасаған баяндама тыңдалып, талқыланғаннан кейін «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының кезектен тыс XVII конференциясына қаулы қабылданды. Онда Қазақстан Республикасының Президенті, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның қалалық филиалы идеологиялық белсенділеріне, Алматы қалалық мәслихатындағы депутаттық фракцияның мүшелеріне, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына Жолдау мен Ұлт жоспары ережелерін халыққа бірлесіп кеңінен тарату бойынша жүйелі жұмыстарды күшейту, Алматы қаласындағы аудандық филиалдардың, қалалық атқару органдарының басшыларына Жолдау және Ұлттық жоспарды бойынша ақпараттық-талдау жұмыстарын БАҚ арқылы таратуды күшейтутапсырылды.

         Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қуатты Қазақстан дегеніміз – ең әуелі өңірлердің қуаттылығы. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты» деп әрдайым айтып келеді. Сол себепті партия белсенділерімен кездесуінде «Нұр Отан» партиясы ендігі жерде өңірлік филиалдардың жұмысына баса назар аударып, жергілікті халықпен тығыз байланыстың қайнар көзі – бастауы партия ұйымдары мен қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысына басымдық беретін болады. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтың айтуынша, халықтан түсіп жатқан арыз-шағымдар бойынша терең талдау жүргізілуі керек. Партия шағымның қандай органның жұмысына қатысты екендігі анықтап, оның шешілуіне ықпал етеді, ал шешімін таппаған жағдайда тиісті органның басшыларына шара қолданылуы тиіс.

         Конференция барысында партияның Парламенттегі мүмкіндігін барынша кеңінен пайдалану, яғни, партия фракциялары арқылы халықтың көкейтесті мәселелерін шешетін заңнамалық құжаттардың қабылдануына ықпал ету туралы мәселе қозғалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеология мен жұмысты барлық деңгейдегі, соның ішінде жергілікті жерлердегі партиялық құрылымдарды тарта отырып күшейту керектігі де айтылды.

         «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов Алматыдағы іссапар барысында қаладағы бірқатар аудандық филиалдардың қызметкерлерімен кездесіп, Бостандық ауданында салынып жатқан жаңа ғимараттың құрылысын барып көрді.

Суреттер Константин КНЯЗЕВИЧ