АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қайыржан ТӨРЕЖАН.КӨРМЕГЕ ЖҮЗДЕН АСА ОТАНДЫҚ ӨНІМ ҰСЫНЫЛАДЫ

????????????????????????????????????

Астанада маусымның 2-5 аралығында қазақстандық қорғаныс саласындағы ең ауқымды «KADEX-2016» халықаралық көрмесі өтеді. Оған жүзден астам қазақстандық компаниялардың әскери өнімі ұсынылады, деп хабарлады Қорғаныс минситрлігінен лейтенант Жансая Омарова.  

«KADEX-2016» аясында шетелдік қонақтар мен қатысушылар қорғаныс секторы кәсіпорындарының тың экспозициясымен танысып қана қоймай, олардың іс жүзіндегі жауынгерлік мүмкіндіктерін көздерімен көріп, бағалауға мүмкіндік алады. Көрмеге өздерінің өнімін жабық павильондар мен ашық алаңдарда ұсынатын әр елден 300-ге жуық компания, сондай-ақ 100-ден аса қазақстандық кәсіпорын қатысатын болады. Қазақстандық зауыттармен шығарылатын өнім қазіргі заманғы тактика-техникалық сипаттамаларға сәйкес және инновациялық технологиялар қамтылған. Мәселен, «KADEX-2016» көрмесіне халықаралық нарыққа шығуды жоспарлап отырған қазақстандық компания «Семей инжиниринг» АҚ өнімдері шығарылады. Бұл броньды танкті техниканы жөндейтін және әскери және әскери-инженерлік техниканың базасында конверсиялық техниканы дайындайтын Қазақстандағы бірден-бір зауыт. Отандық кәсіпорын Т-72 танктерін, жаяу әскердің ЖӘЖМ-1 ұрыс машиналары мен БТР-70 броньды транспортерларын іс жүзінде көрсетеді.

 Ал «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» серіктестігі «Арлан» минаға қарсы қорғанысы бар броньдалған автомобильді, арнайы әскерлер мен арнайы мақсаттағы жауынгерлерге, сондай-ақ әскери полицияға арналған ұрыс дөңгелекті машинасын көрмеге шығармақшы. Ұзындығы 6,5 м, биіктігі – 3 м, ал барынша жылдамдығы 120 км/с броньдалған жол таңдамайтын көлік лаңкестік актілерде қолданылатын өздігінен жасалған бомбалардан толық қорғалған. Мұндай техниканың шығарылуы  — бұл әлемдегі қарудың дамуының заманауи үрдісін ескере отырып, тәуелсіз қазақстандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенін қалыптастыру үрдісіндегі жаңа кезең. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде «Арлан» секілді оқ ату мүмкіндіктері бар техниканың баламасы жоқтың қасы.

– Одан басқа, Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, ӘШҚҚ жүйелері мен құралдары, арнайы мақсаттағы құралдар мен мүлік, IT-технологиялар, байланыс жүйелері мен құралдары, тылдық және техникалық мүлік ұсынылатын болады.  Көрме қорғаныс өнеркәсібі саласындағы соңғы жетістіктерді көрсетудің керемет мүмкіндігі болып табылады.

2010 жылғы көрменің қорытындысы бойынша 1,5 млрд АҚШ доллары сомасында 10 ұзақмерзімді құжат жасалды. Оған 156 компания, оның ішінде 86 отандық компания қатысты. Ал 2014 жылы көрме барысында қол жеткізілген уағдаластық 2,6 млрд АҚШ доллары сомасында 31 ұзақмерзімді құжаттың жасалуына түрткі болды. Қатысушы компаниялардың саны 300-ге, оның ішінде отандық компаниялардың саны 92-ге дейін ұлғайды, — дейді лейтенант Жансая Омарова.