АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қайыржан ТӨРЕЖАН. ПРОКУРАТУРА БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ДА ҚОРҒАЙДЫ

скачанные файлы (6)Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабы және Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» заңының талаптарына сәйкес,  Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының  және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және біркелкі  қолданылуына  жоғарғы  қадағалауды жүзеге асырады, кез келген заң бұзушылықтарды анықтауға және жоюға шаралар қабылдайды. Жоғарыда аталған заңдарға сйкес, кәмелетке толмағандар туралы заңнамаларды прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Бүгінгі күні республика мектептерінде 2,5 миллионнан астам балалар  білім алады. Оқушылар құқықтарының  қорғалуы мәселесіне прокурорлар тарапынан барынша  көңіл бөлінеді. Бұл ретте прокурорлардың мектеп қызметіне тексерулер қандай да бір құқық бұзушылықтардың орын алып отырғандығы туралы азаматтардың арыздары, өзге де хабарламалар негізінде, оларға білім бөлімдері тарапынан ешқандай шара қабылданбай жатқан жағдайда жүргізіледі. Жыл сайын прокуратура органдары жүргізетін тексерулер нәтижесінде 200 мыңнан астам балалардың құқықтары қорғалады. Өткен жылы және ағымдағы жылдың 7 айында облыстық прокуратура органдарына  уәкілетті  орган және білім беру мекемелері қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты 283 арыздар келіп түссе, олардың  210-ы  мектеп қызметтеріне қатысты. Осы мерзімде Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратура  органдары әлеуметтік-экономикалық салада жүргізген 2400 тексеруінің 123-і немесе 5 пайызы ғана мектептерде жүргізілгенін айта кеткен жөн. Облыс бойынша 1022 мектеп жұмыс атқарады, яғни, 10 мектептің 8-і прокурорлық тексерулермен қамтылмаған. Бұл ретте 27 мектеп жоспар бойынша тексерілсе, қалған 96-ы  арызданушылардың бастамасымен жүргізілген.

Бірақ кейбір кездерде прокурорлық тексерулердің жиі болып кеткендігіне наразылық тудыратындар да табылып жатады. Кейінгі кездері мектеп қызметінде,  оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында жиі прокурорлық тексерістер жүргізетіні туралы бірқатар бұқарлық ақпарат құралдарында теріс материалдар жарық  көрді. Осыған байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы мәлімдеме жасады.

Мектептерде және өзге де білім беру мекемелерде тексерулер жүргізудің қажеттілігі білім беру ұйымдарының әкімшілігі, сондай-ақ қалалық және аудандық білім бөлімдерінің тарапынан кәмелетке толмағандардың білім алу құқықтарын толығымен қамтамасыз етпеу, сабақтан жалтарған жасөспірімдерге шаралар қолданбау, балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа тосқауыл қоймау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алудың тиісті деңгейде болмауынан және т.б. туындайды. Бұл жөнінде прокурорлар анықтаған білім саласына бөлінген бюджет қаржысын ысыраптау, сабақ уақытында оқушыларды зиянды жұмыстарға тарту, оқушылар арасында орын алған қылмыстарды жасыру, оқушыларға қол көтеру, оқушылардың мектепте атыс қаруын алып жүру, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету кезінде санитарлық талаптардың бұзылуы және т.б. деректері растайды. Осы  тұста мектептерде балалардың құқықтарының бұзылуы жылдан жылға жүйелі сипат алып отыр, осының салдары ауыр зардаптарға соқтырмауы үшін прокурорлар жағдайды жиі бақылап, қажет болған жағдайда уақтылы шаралар қабылдауға мәжбүр болуда.

Мысалы, тек прокурорлардың араласуымен Шымкент қаласындағы 180 бала  білім алып жатқан ғимараты апатты жағдайдағы № 79 меткептің қызметі тоқтатылған.  Ал Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында 13 мектептің 500-ге жуық оқушылары сабақ уақытында заңсыз мақта теріміне тартылғаны анықталып, прокурорлық актіні қараудың нәтижесімен оқушылар сабаққа қайтарылып, кінәлі қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жекелеген мектеп директорларының оқушылардың жүкті болу деректерін жасырып, нәтижесінде жасы кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық тиіспеушілік қылмыстарын жасаған адамдардың қылмыстық жауапкершілікке тартылудан жалтаруына жағдай жасау фактілері анықталды. Бұдан басқа, мектеп директорларының сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасау деректері  жалғасын табуда. Мысалы, мектепке мұғалімдерді жұмысқа қабылдау, оларға сағат жүктемесін бөлумен байланысты мәселелерді шешуде пара алғандары, сондай-ақ олардан жүйелі түрде ақша жинағандары үшін Шымкент қаласының №68, Кентау қаласының №11, Арыс қаласының №11 мектеп директорлары сотталған.

Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан  облысының мектептеріндегі жекелеген тексерістер кезінде оқушылардың арасында 17 қорқытып алу деректері анықталып, олар бойынша қылмыстық істер  қозғалған,  сондай-ақ оқушылар өз еріктерімен шолақ мылтықтар және газды-тарвматикалық қаруларды қоса алғанда 130-дан аса тіркелмеген қаруларды тапсырған. Прокурорлық тексерумен Шымкент қаласындағы №39 мектептің 9-сынып оқушысының  сабақ уақытында 2 травматикалық қаруды алып жүру дерегі  анықталған. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Осы уақытқа дейін мектептердегі мұғалімдер құрамының оқушыларға қатысты күш қолдану оқиғалары тыйылмай келеді. Атап айтқанда, Шымкент қаласындағы №11 мектепте прокурорлық тексеріс кезінде математика пәні мұғалімінің 6-сынып оқушысының тапсырманы дұрыс шешпегені үшін оған қол көтеру дерегі анықталған. Қазір қылмыстық іс сотта қаралуда.

Педогогтардың тарапынан заң бұзушылықтарға жүйелі түрде жол берілуі прокурорлардың мектептерде оқушылардың сабаққа қатысуы және оқушылардың білімін бағалау сияқты педогогикалық сұрақтарға да назар аударуға мәжбүр етеді. Сабаққа қатысуын қадағалау және сабаққа келмегендерге уақтылы шара қабылдамау сияқты мұғалімдердің өздерінің тікелей  міндеттеріне немқұрайлы қарауы балаларға қатысты қылмыстардың орын алуына жағдай туғызады.

Мысалы, Шымкент қаласындағы мектепті  тексеру кезінде, сынып журналы бойынша 11-сынып оқушысының сабаққа қатысқаны және оған жақсы бағалар қойылғаны, алайда, нақты осы уақытта ол ата –анасының келісімінсіз Корея Республикасына кеткені анықталған, бүгінгі таңда оның  нақты мекен-жайы белгісіз. Кәмелетке жасы толмаған адамды Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары заңсыз тасымалдау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ, осы  мектепте  17 оқушы ұзақ уақыт бойы  (90-нан 400 сағатқа дейін) сабаққа қатыспаған, ал бұған  мектеп әкімшілігі  және сынып жетекшісі немқұрайдылық танытқан.Осы мектепте сабаққа қатыспау себебін анықтау кезінде прокурорлар бала сату дерегін анықтады. Ағайынды болып табылатын  үш оқушының сабаққа қатыспау мәліметі бойынша тексеру кезінде олардың өздерінің сәби інілеріне қарағандары анықталды, бірақ тексеру кезінде нәресте үйінде болмаған. Кейін белгілі болғанындай, емшектегі нәрестесін анасы 200 мың теңге  және  алтын  сырғаға Маңғыстау облысындағы  бір адамдарға сатып  жіберген екен.  Бұл дерек бойынша қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.

Оңтүстік Қазақстан облысы  прокуратура органдарының тексерістері кезінде  ұзақ уақыт бойына сабаққа қатыспаған 500-ден астам оқушы анықталған. Барлық деректер бойынша прокурорлық ықпал ету шаралары қабылданған. Тұтастай алғанда, өңірдегі мектептерде жүргізілген тексерулердің қорытындылары бойынша 7 мыңнан астам  балалардың құқықтары қорғалған. Облыстық прокуратура мектептердегі прокурорлық тексерістердің барлығы белгілі бір жағдайларға негізделгенін, олардың білім беру саласындағы заңдылықтың жай-күйін ескере отырып жүргізілетінін және ең алдымен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталғанын хабарлайды.