АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қайыржан ТӨРЕЖАН.ТЕРРОРИЗМГЕ ТОСҚАУЫЛ [:]

[:kz]

IMG_6324Жаттығудың шартты жоспары бойынша теңіз арқылы өтетін мемлекеттік шекара бойында да шекаралық инциденттер көбейе түседі – құрлықтағы және теңіздегі мемлекеттік шекараның бұзылуы, жекелеген адамдардың және топтанған адамдардың шекара бұзуы байқалады, көршілес мемлекеттен бақылаудың жүргізіліп жатқан дерегі тіркеледі, шекара нарядтарын ату дерегі тіркеледі. Босқындардың тұрақты түрде келуі байқалады.  Осылайша босқындардың саны арта түседі. Олар шекара бойына лагерь тұрғызады. Қарсыластар өздерінің жымысқы пиғылдарын іске асыру үшін босқын ретінде еніп, содан кейін үгіт-насихаттық, бүлдірушілік, жансыздарды іске тарту әрекетін іске асырады. Осы мақсатта қарсыластар босқындар лагерінде бүлдірушілік әрекетін белсенді түрде жүргізе бастайды, сол арқылы шекарадан жалпылай өтуді көздейді. Көршілес бір мемлекеттің аумағында қарулы қақтығыстың орын алғандығы туралы ақпарат келіп түседі, ол қақтығыстың біздің елдің аумағына қарай ойысуы мүмкін екендігі қарастыралады.  Теңіздегі шекарамызды күшейту үшін кемелер сапынан екі тактикалық топ жасақталып, олар тікұшақтар звеносымен күшейтіледі. Жағдай өте ушыққан жағдайда ұлттық қауіпсіздікті сақтау үшін аумақтық бөлімшелерде дайындық іс-шаралары атқарыла бастайды. Шоғырлану аумағына жинақы топтар, тактикалық кемелер жиналады, суасты диверсиялық және минаға қарсы іс-шаралар жүргізіледі. Алдыңғы шептегі басқару бекеттері, авиация топтары құрылады. Шекара заставаларының күш-құрылымдарының арқасында шекара отрядтарының күш-құрылымдарын қатыстыра отырып инженерлік жабдықтау үшін іс-шаралар атқарыла бастайды. Бүгінгі шекарашы дегеніміз – өз Отанының патриоты, беделді де абыройлы, терең білім игерген, адамгершілік қасиеті жоғары, кез-келген сәтте қиналған жанға көмек қолын созуға дайын, елі мен жерін қасық қаны қаны қалғанша қорғай білетін маман екендігі анық, оны бүгінгі оқу-жаттығу барысында дәлеледей білді. 

[:]