АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қайыржан ТӨРЕЖАН. ЖЕТІСУ ЖАСТАРЫ ЖИІ ЖИНАЛАДЫ

 скачанные файлыАлматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы жұмыс жоспарына сай облыс көлемінде тәрбиелік мәні бар түрлі бағыттағы мәдени іс-шаралар ұйымдастырады. Жастарға үйретері, берері мол қызықты шаралар мен кездесулер,  айтары көп акциялар мен әртүрлі тартымды байқаулар, салтанатты шерулер, дөңгелек үстелдер мен пікірталас жиындары – жастардың болашақта елін сүйген, жерін қадірлеген, ерін құрметтеген азамат, патриот болып қалыптасуына септігін тигізеді.

Жақында Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар саясаты орталығы, «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен Ұлт пен ұлыстың татулығы  елдегі қоғамдық ынтымақтастықты сақтай отырып қол жеткізген мереке Қазақстан халқы Ассамблеясына — 20 жылдығына орай «Dream City» фестивалі өтті. Тамыры тереңге жайылған татулық тірегінің ордасына айналған Қазақ елінің бірлігі мен берекесі осындайда анық байқалады. Байтақ елімізде жалпақ жұрттың бірлігі бұзылмай, татулығы тарқамай өмір сүріп жатқандығы үлкен мақтаныш. Әсіресе жастар арасындағы татулық пен бірліктің белгісін паш ету үшін  қала жастарына арнайы «Dream City» — яғни «Арман қала» атты жастар фестивалі ұйымдастырылды. Бір шаңырақ астында ұлттың ұйытқы­сына себеп болып отырған саясатымыздың арқасында бүгінде жастар кең байтақ, арман, мақсатқа толы жерінде құлаш сермеп өркендеуде.  

«Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті» — деп Елбасымыз атап өткендей, ұлт арасында бірлік пен татулықты тоғыстыра отырып өткізілген акция өте ауқымды деңгейде болды. Ұлт Көшбасшысы Н.назарбаевтың «Денсаулықты бірінші кезекте адамның өзі қалыптастыруы керек» деген қанатты сөзін ұстана отырып салауатты ұрпақ тәрбиелеуде аталған шара өз септігін тигізді. Жастар арасында теріс әрекеттерге жол бермеуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған фестиваль барысында Streetball, Street Soccer спорттық жарыс ойындары өтіп, Street Workout көше фитнесінің тәсілдерінен көріністер қойылды. Сондай-ақ яркокросс, су шашу ойындары болып, жиналған жастар мен көрермендер көкке әуе шарларын ұшырды, қатысушы жастар өте жақсы көңіл-күйде тарқады. Спорт пен салауатты өмір салтын ұстануға насихаттайтын түрлі-түсті яркокросс марафоны әлемнің 50 елінде өтеді. Соңғы уақытта елімізде жиі өткізіліп жүр. Оның ішінде қаламызда биыл екінші рет ұйымдастырылды. Фестиваль қала жастары мен белсенділерінің жазғы демалыстарын қызықты өткізіп, қарым-қатынастарын нығайтуда өз үлесін тигізді деген ойдамыз, -дейді осы фестивальді ұйымдастырушылардың басында жүрген Алматы облысы әкімшілігіндегі Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев.

zz81

         Алматы облыстық жастар саясаты орталығының қызметкері Айнұр Досжанқызының айтуынша, Басқарманың ұйымдастыруымен жыл басынан бері осындай жастар жаппай қатысатын көптеген іс-шаралар өткізілген. «Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының  ұйымдастыруымен І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, Әлем кубогінің иегері, Еуразияның екі дүркін жеңімпазы Ардақ Назаров Талдықорған қаласының белсенді жастарымен кездесті. Бұл кездесу өсіп келе жатқан жастарды ұлттық рухта, намысты, өжет болуға тәрбиелеу мақсатын көздеді. Ел намысын қолдан бермей, көк туды көкте желбіреткен азамат өзімен бірге  кәсіби боксер Жанқош Тұраров пен аралас жекпе – жектен әлем чемпионы Қазбек Әшімовты ерте келіпті. Намысы өр, жүрегі таза, адамгершілігі зор азаматтың жастарға айтары  да өзгеше болды. Әңгіме төркінін балалық шағынан бастаған ол спортта жеткен жетістіктерімен бөлісті. Осы күнге шейін 40-тан астам жекпе-жек өткізіп, бәрінде дерлік жеңіске жеткен. Қазіргі кезде Алматы, Қарағанды қалаларында ережесіз жекпе-жекпен айналысатын клубы бар. Болашақта Талдықорған қаласында филиалын ашу жоспарлануда.

Намыс пен жігер арпалысатын сегіз қырлы тордың ішінде сансыз рет жұдырық түйістіріп, талай мәрте жеңіс туын желбіреткен спорт саңлағы  жетістіктерімен  ғана үлгі болмай, ғибратты әңгімелерімен әр жеткіншектің есінде қалды. Ардақтың әр сөзі жырау, би-шешендердің шешендік сөздерімен, ақындардың рухты өлеңдері, патриоттық сезімге толы сөздерімен өріліп, көңілге қонды, жылы да жақсы әсер қалдырды. Кездесу соңында қонақтарымыз келген көрермендерге қолтаңбаларын және сыйлықтарын таратты» дейді Айнұр Досжанқызы.

         Оқушылар, студент жастар жазғы каникулға шығар алдында, мамыр айында Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы белсенді жұмыс істеді. 15 мамыр күні «XIII легион» атты Street Workout тобының мастер классы ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты бұқаралық спорт түрлерін насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастардың спорт пен жүйелі түрде айналысуы, жастардың қоғамдағы белсенділіктерін арттыру, бос уақыттарын тиімді пайдалануларына ықпал ету, діни экстремизм мен терроризмге жол бермеу, нашақорлықтың, жастар арасындағы қылмыстың алдын–алу болып табылады.

Жалпы Талдықорғанда «Street Workout» экстрималды спорты кеңінен тарап келеді. Бұл спорттың түрі қырлы бөренемен (брусья) және белтемірге (турникке) тартылу арқылы әр-түрлі жаттығулар жасаумен ерекшеленеді. Шара барысында арнайы Шымкент қаласынан «XIII легион» street workout тобы келіп қаламыздың жас спортшыларна мастер класс көрсетті. «XIII легион» street workout тобы 2013 жылы кұрылған болатын, топтың негізін қалаушысы және жетекшісі Ядаров Расул Қазақстан Республикасының бір неше дүркін жеңімпазы. Барлық топтың мүшелері біріге отырып күшпен өз денесін жерден көтеру әдісі бойынша 7000 рет көтеріп Қазақстан рекордын жаңартты. Талдықорған қаласының «Титан» тобы да қарап қалмай көрермендерге өз өнерлерін паш етіп, Шымкентен келген қонақтардан кем емес екендігін дәлелдеді. Олар өз ара жолдастық кездесу өткізіп, тартысты да қызықты көрініс тапты

19 мамыр күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Жас маман» атты жас дизайнер-суретшілер байқауы өткізілді
Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын насихаттау, облыс көлеміндегі мәдени өмірдің және өнер мен өркениет мәдениетінің дамуына белсене араласу, жастардың шығармашылықтарына қолдау көрсету, талантты жас дизайнер — суретшілерді анықтау болып табылады. 

       Байқауға 6 аудан және 2 қаладан келген, 14 үміткер қатысты. Байқау 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең тест сұрақтарына жауап беру, яғни үміткерлердің білім деңгейін тексеру болып табылады. Екінші кезең практикалық, бұл кезеңде қатысушылар берілген тақырыптар бойынша, биылғы жылдағы атаулы төрт мерекеге байланысты сурет салып өздерінің шеберліктерін қолдана отырып, шығармашылық туындыларын көрсетті. Ал соңғы үшінші таныстыру кезеңінде, салған суреттерін қорғады. Байқау қорытындысына сәйкес Талдықорған қаласының үміткері Бахытнұр Абылай жүлделі І орынды иеленді, ІІ орын Үркімбаев Сағын Талдықорған қаласы иеленсе, ал ІІІ орынды Райымбек ауданынан келген Копбаев Маулен қанжығасына байлады. Копбаев Маулен көптеген облыстық, Республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Ол Түркияда, Президент қорында өткен көрмелерге қатысқан. Оның 2000-нан астам туындылары жарық көрген. Барлық қатысушылар алғыс хат, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 

  27-28 маусым күндері Орбұлақ шайқасы өткен орындарға «Орбұлақ шайқасының ізімен» медиа-турын ұйымдастырылды. Аталған шара тарихшылар, журналистер, блогерлер, этнографиялық ұйым өкілдеріне, тарихи мұраны зерттеушілер мен этнотуризмді дамытушыларға бағытталған. Медиа-турды өткізудегі басты міндет – көпшілікті шайқас болған орындармен, тарихи деректермен, табиғи көрікті жерлермен таныстыру, тарихи этнотуризм мүмкіндіктерін көрсету болып табылды. Шараға осы тарихи орынды зерттеп, оның тәуелсіз еліміз өміріндегі мән-маңызын зерделеп жүрген қаламгер әрі қоғам қайраткері Бексұлтан Нұржекеұлы, Астана мен Алматы сондай-ақ Талдықорған мен Жаркент өңірінің журналистері, блогерлері, бас-аяғы 30-дан астам адам қатысты. Қатысушылар Белжайлаудағы әйгілі «Орбұлақ шайқасы» болған жермен танысты.

          Медиатурдың екінші күні меймандар Жаркенттегі Уәлібай мешітін тамашалады. Салынғанына 1,5 ғасырға жуық уақыт өткен нысан 1975 жылдан бері мұражай ретінде жұмыс істейді. Сонымен бірге, шараға қатысушылар 7 ғасырдың куәсі — киелі ағашқа да барды. Саябақ ішін аралап, алып ағаштың жуандығын өлшеді. Саябаққа бас көз боп отырғандар әулиеағаштың пайда болуы туралы аңыз-әңгімелерімен бөлісті. 

1-маусым күні  Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Mega Pizza Party» акциясы және «Қолөнер – шебері» атты өтті.
Жас бүлдершіндердің белсенділіктерін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін, шеберлігін дамыту және халықаралық балаларды қорғау күнін атап өту. Еліміздің болашағы, ұрпақ жалғасы кішкене бүлдіршіндеріміздің мерекесіне орай, Талдықорған қаласында «Mega Pizza Party» акциясы және «Қолөнер – шебері» байқауына қаламыздың кішкентай бүлдіршіндері мен жасөспірімдері қатысты. Онда балаларға арналған әр түрлі қызықты ойындар, билер ойнатылды, балмұздақтар таратылды. «Қолөнер – шебері» байқауына «Айналайын» балалар үйінен өз қолдарымен жасалған әр түрлі бұйымдарын көпшілікке ұсынды. Шараның соңында «Party Food» пиццериясының дайындауымен көлемі 3 метр болатын арнайы пицца дайындалып, балаларға таратылды. Шара соңында Көтеріңкі көңіл күймен, тамаша мейрамға тап болған бүлдіршіндер әр түрлі сыйлықтар алып, риза болып тарқасты.

Жеті өзеннің атырабын ән қылған Жетісудың жерінде туып, киелі өнерді жанына серік еткен қайталанбас тұлға, Қазақстанның халық әртісі Қанабек Байсейітовтың атына берілген саз колледжіне биыл 35 жыл толды. Осыған орай, Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының және Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің ұйымдастыруымен, арнайы кәсіби  музыкалық мектептер арасында «Қ.Байсейітов атындағы V – облыстық байқау»  өтті.

Ән көңілдің ажары – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі, ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы демекші, өне бойында өнерге деген құлшыныстары мен таланттары тасыған жас білімгерлердің өнерлерін тамашалап, саралауға арналған байқаудың мақсаты мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың белсенді азаматтық көзқарастарын және көшбасшылық қасиеттерін дамыту, мәдени қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру, жастардың шығармашылық тұрғыдан жағдай жасап, дарынды жастарды анықтау, жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызға, дәстүрімізбен мәдениетімізге тарту және олардың орындау шеберлігін анықтау, жас дарындарға қолдау жасап, шығармашылық деңгейін көтеру, сондай-ақ жастарды Отансүйгіштікке, бір-бірін сыйлауға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар колледждің  35  жылдығын атап өтіп, байқауға қатысушы білімгерлер арасында жеңімпаздарды анақтау болып табылады.

– Жастары нар тұлғалы, қарттары тал тұлғалы Жетісудің жерін ән мен күйге бөлеп, шырқатып өнердің жырын төккен жастардың ән кеші екі күнге жалғасты. Бірінші күн мерекенің салтанатты ашылумен бастау алып, Қанабек Байсейітовке арнаулар мен жыр шашулар айтылып, колледж директоры Әділхан Қылышханұлы құттықтау сөзін айтты,  келесі күні аталмыш байқауға қатысушылар өзара бақ сынасып, марапаттау кеші болды. Өткен байқаудың нәтижесіне сәйкес, ән мен күйдің әрін тайдырмай, нәрін жоғалтпай орындап, тыңдармандарына ерекше әсер қалдрып, жүзден жүйрік шыққан өнерпаздар, «Эстрадалық ән салу» номинациясы бойынша 1 орын – Дархан Байгожаев, Батыржан Ерболғанов, «Аяла» вокалдық ансамблі арнайы диплом, «Орыс халық аспаптар» бөлімі бойынша 1  орын – Ж.Еркын, «Үрлемелі аспаптар» бөлімі 1 орын – М.Нұрлан, «Қазақ халық аспаптар» бөлімі 1 орын – Ержанат Жақнұр және Қайрат Толқын, «Қобызшылар» бөлімі 1 орын – Ақерке Альсейіт, «Бас қобыз» 1 орын – Ахметчин  Сәкен, «Фортепиано» бөлімі 1 орын – Айна Смағұлва және Дәстүрлі ән номинациясы бойынша 1 орын – Аружан Ерболова иленіп барлық қатысушылар Алматы облыстық жастар саясаты басқармасының алғыс хаттармен марапатталды. Ұлттық өнеріміздің көрнекті қайраткері, қазақ сахнасының тарланы, Қазақстанның халық әртісі, белгілі режиссер әрі әнші Қанабек Байсейітовтың еңбегі келер ұрпаққа үлгі-өнеге деп білемін, — деп бөлісті өз ойымен Алматы облыстық жастар саясаты орталығының қызметкері Айнұр Досжанқызы.