1999 жылы ішкі істер органдарының құрылымында Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелері ашылды. Бұл гендерлік саясатты іске асырудағы маңызды шаралардың бірі болып табылады. Қазақстан кеңестіқ заманнан кейінгі кезеңде осындай бөлімшелерді құрған жалғыз ғана мемлекет екен. Қазіргі уақытта бұл бөлімшелерде 135 қызметкер жұмыс істейді.
Ішкі істер органдарындағы мұндай бөлімшелердің негізгі міндеті – әйелдердің конституциялық құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін құқыққа жат қол сұғушылықтардан қорғау, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты алдын алу мен жолын кесу. Ал Әкімшілік полиция комитетінің міндеті – ішкі істер органдарындағы бөлімшелердің қызметін үйлестіру, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты түрлеріне, нысандары мен әдістеріне, сондай-ақ оларды жасауға жағдай жасайтын себептері мен шарттарына талдау жұмыстарын жүргізу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты алдын алу мен жолын кесу мәселелерінде тұрғындарға құқықтық көмек көрсету болып табылады. Ішкі істер министрлігі осы міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен және басқа мүдделі мемлекеттік органдармен үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет етеді.
Қазақстанда «Тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу туралы» заң 2009 жылы күшіне енген болатын. Қабылданған заңмен бірге отбасындағы келіспеушіліктің бастапқы сатысына тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ішкі істер органдарының қорғау нұсқамасы және олардың мінез-құлықтарына ерекше талап орнату шаралары сияқты жаңа тиімді ықпал ету тетіктері пайда болды.
Өткен жылы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен Заңға отбасы аясында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазаны күшейтуге, сонымен қатар құқық бұзушыға жеке профилактикалық шарасын қолдану тиімділігін арттыруға бағытталған өзгертулер мен қосымшалар енгізілді. Атап көрсеткенде, қорғаным нұсқамаларының мерзімі 10 тәуліктен 30 тәулікке ұзартылды, әкімшілік өндіріске қатысушының қолдаухаты негізінде құқық бұзушыға қатысты орнатылатын ерекше талаптардың тізімі кеңейтілді. Енгізілген түзетулерде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көргендерге тұратын мекенжайына қарамастан тиісті көмек алу, сонымен қатар қатыгездік салдарынан өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға көмек ұйымдастыру нормалары қарастырылған.
ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Мұхитовтың айтуынша, биылғы жылы ішкі істер органдары үкіметтік емес ұйымдармен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу бойынша бір мыңнан астам іс-шаралар өткізіпті. Ішкі істер органдарының тұрмыстық зорлық-зомбылық бағытындағы заң нормаларын жүзеге асыру бүгінгі күні оң нәтиже беріп отырғанын ерекше атап өтуге болады.
– Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде ғана 53 мыңнан астам қорғау нұсқамалары шығарылды, 4 мыңнан астам адамның мінез-құлықтарына қатысты ерекше талап орнатылды. Жалпы, республика бойынша жыл сайын тұрмыстық қылмыстардың төмендеуі орташа есеппен 10 % құрайды. Сраптама нәтижесі отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында болатын қылмыстар көбінесе әйелдерге қатысты жасалатынын көрсетті. Осыған орай ішкі істер органдары тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына оңалту және кеңестік-психологиялық көмек көрсету үшін үкіметтік емес ұйымдармен өзара белсенді әрекет етеді. Бүгінгі күні мемлекетімізде 28 дағдарыс (зорлық-зомбылықтан жәбір шеккендерге көмек) орталықтары жұмыс істейді, олардың қызметі зорлық-зомбылықтан жәбір көрген әйелдерге көмек көрсету және уақытша баспанамен қамтамасыз етуге байланысты. Ішкі істер министрілігі, ағымды жылы заң талаптарын жүзеге асыруға бағыталған ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттағы бірқатар іс-шаралдарды жүргізді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және БҰҰ агенттігінің 2014-2016 жылдарда Маңғыстау және Қызылорда облыстарында мүмкіндіктерді кеңейту және өмір сапасын арттыру жөніндегі Бірлескен бағдарламасын жүзеге асыру аясында қарастырылатын көкейкесті мәселелердің бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылықтардың алдын алу болып табылады. Осыған орай, БҰҰ құрылымының көп елдік бөлімшесі мен «Подруги» дағдарыс орталығы жоғарыда айтылған екі облыстың ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін «Тұрмыстық зорлық-зомбылықты ескеру және алдын алу механизмін жетілдіру, көкейкесті мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбында кездесулер өткізілді. Кездесу қорытындылары бойынша сертификаттар табысталды. Гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асыру жоспарына сәйкес барлық облыстарда алдын алу субъектілері үшін оқыту семинарлары өткізіледі, сонымен қатар қазіргі уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін әлеуметтік стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылған. Сондай-ақ, «Подруги» дағдарыс орталығымен бірге «Тұрмыстық зорлық-зомбылықты ескерту және алдын алу аясында сот бақылауын жүзеге асыру» тақырыбына практикалық әдістемелер әзірленді және қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар аумақтық ішкі істер департаментіне жолданды. Бұдан басқа, тұрмыстық-зорлық-зомбылыққа байланысты мәселелердің маңыздылығын ескеріп және осы мәселеге жұртшылықтың, атқарушы және заң шығарушы үкіметтің назарын аудару, сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зорлықты алдын алу мақсатында жыл сайын «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы жүргізіледі. Ағымды жылы акция 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін өткізілетін болады. Жалпы, кейінгі кезде тұрмыстық, зорлық-зомбылықты алдын алуға бағытталған заңнама нормалары мен оларды жүзеге асыру отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқық бұзушылықтардың деңгейін төмендетуге оң ықпалын тигізді, — дейді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Мұхитов