Шай тіс шірімесінің алдын алады. Кэрри Ракстон есімді ғалым тісті сақтау үшін күніне кемінде үш-төрт кесе қара шай ішу керектігін ескертеді.
РБК-ның хабарлауынша, қара шайдың құрамы стрептококк пен лактобацилдерге қарсы тұратын заттарға бай. Сол себепті шайды көп ішу тіс эмалінің бұзылуынан сақтайды. Қара шайға қанттың қосылуы да оның бактерияларға қарсы реакциясына кедергі бола алмайды. Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, көк шайдың да ауыз қуысын бактериялардан тазарта алатын қауқары бар. Көк шай, бұған қоса, ауыздағы күкірт мөлшерін бейтараптандырып, жағымсыз иістерді жояды.