АЛТЫНОРДА
Новости

«Қазақ айнасы» қайта жарыққа шықты

АСТАНА. 3 ақпан. BAQ.KZ — «Абай музейінің кітапханасы» сериясымен Шәкәрім Құдайбердіұлының 1912 жылы жарық көрген «Қазақ айнасы» атты шығармалар жинағының факсимильді басылымы Абай музейінде жарық көрді. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасында өзінің көзі тірісінде баспадан жарық көрген кітаптарының орны ерекше. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторы хабарлады.

Абай музейі баспаға дайындаған кітапта ақынның өзі көзі тірісінде 1912 жылы шыққан жинақ факсимиле күйінде және қазіргі қазақ әрпіне Ахат Шәкәрімұлының Абай музейінің қорында сақталған аударма қолжазбасы негізінде беріліп отыр.
«Біздің мақсатымыз – оқырман қауымға Шәкәрім шығармаларын өзі шығарған жинаққа берген күйінде еш өзгеріссіз ұсыну. Бұл кітап Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын зерттеушілерге үлкен көмек болады деген ойдамыз», — дейді Абай қорық-музейі директорының орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева.


Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

 http://baq.kz/kk