АЛТЫНОРДА
Регионы

Қазақ әкім болашақта қазақша сөйлейтінін айтып сүйіншіледі

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов қазақ тілінде сөйлеуге уәде берді деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Жас қазақ» газетінің «Әрбір қазақ бір-бірімен ана тілінде сөйлесе, оны мемлекеттік мәртебесі әлдеқайда өсетін еді. Елбасы әркім өзінен бастау керек деп айтқан. Мемлекет басшысы қазақша сөйлейді, біз сөйлейміз. Ал сіз өзіңізден бастап, қазақша сөйлейсіз бе?» деген сауалына облыс әкімі: «Енді, бұрын Қостанай жерінде қазақ халқының үлесі 17-ақ пайыз болған. Бүгінде жергілікті ұлттың саны 38 пайызға жетті. Оған Торғай облысының қосылғаны да өзінің оң әсерін тигізді. Мен өзім қазақша-орысша мектепте оқыдым. Институтты да орыс тілінде бітірдім. Біраз жыл бойы аудандық жұмыстармен айналысып, орысша сөйлеуге тура келді. Маған кішкене уақыт беріңіз, бәрін жасаймын», — деп жауап беріпті.

Ой, дөйт деген-ай! Недеген ерлік! 70 пайыз қазақ мекендейтін Қазақстанда тұрып, ана тілінде сөйлеуге уақыт сұраған әкімнен «айналып кетпегенде» қайтесің?

Masa.kz