АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«ҚАЗАҚ ЕЛІН» БІРГЕ ҚАЛЫПТАСТЫРАЙЫҚ!

photo_52572Халық өкілдерінің Құрылтайында Қазақстанның  қолданыстағы Конституциясы мен заңдарында қазақ халқының  бірден-бір байырғы халық әрі мемлекет құраушы ұлт ретіндегі  конституциялық  мәртебесі айқындалмағанын атап өтіп, Қазақстан – қазақ халқының мемлекеті ретіндегі  Конституциялық мәртебесін бекіту туралы шешім қабылданып, ол Құрылтайдың Қарарында нақты көрініс тапқан болатын.

Ұлттық демократиялық Қазақ мемлекетін құру Қазақ Ұлттық кеңесі жұмысының, ұстанған саясатының өзегі екені де даусыз. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетімізді «Қазақ елі» деп атау туралы ұсынысы Қазақ Ұлттық кеңесінің ұстанымымен астасып жатқанын атап өткім келеді.

Сонымен бірге Елбасының ұсынысын толық қолдай отырып, оның «Уақыт өте келе ел атауын «Қазақ елі» деп өзгерту мәселесін қарастыру қажет шығар, бірақ мұны алдымен халықпен ақылдасқан жөн» деген ұсынысына орай халықтың пікірін білу мен қалыптастыруда Қазақ Ұлттық кеңесі негізгі әрі шешуші роль атқаруы керек деп есептеймін.  

Сонымен бірге Ұлттық демократиялық «Қазақ елі» мемлекетін қалыптастыру мен дамыту жолында барша халқымызды, ұлтшыл азаматтарды белсенділік танытуға және үлкен ынта-жігермен үлес қосуға шақырамын.

Мақсат Ілиясұлы, заңгер, Қазақ Ұлттық кеңесі төрағасының орынбасары