АЛТЫНОРДА
Новости

«Қазақстан-2050» коалициясы ерте сайлауды қолдады

Астанада бүгін отырыс өткізген «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы елде кезектен тыс президенттік сайлау өткізу бастамасына қолдау білдірді.

Жиынға қатысқан «Нұр Отан», «Ақ жол», «Қазақстан коммунистік халық партиясы», «Бірлік», «Ауыл» партияларының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері Қазақстан халқы ассамблеясының биыл кезектен тыс президенттік сайлау өткізу ұсынысын бір кісідей қолдады.

Қазақстан Жазушылар одағы атынан сөйлеген парламент сенатының депутаты Нұрлан Оразалин «қолына қалам ұстаған елдегі жазушы мен ақындар 2015 жылы кезектен тыс президенттік сайлаудың өтуін қолдайды» деп мәлімдеді.

Алты саяси партия, 18 қоғамдық бірлестік, 500-ден аса үкіметтік емес ұйымдардың басын біріктіретін «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы 2009 жылы«Нұр Отан» партиясының бастамасымен құрылған.

Бұған дейін Қазақстан халқы ассамблеясы ұсынған елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы бастамаға биліктегі «Нұр Отан» партиясы қолдау танытқан.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150217/330/330.html?id=26853515