АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қазақстан Airbus A321-ге теракт жасалғанын айыптады

97c2c4a1b284660c53fadc8212a590ca_XLҚазақстан сыртқы істер министрлігі (СІМ) Египетте Ресейдің «Когалымавиа» әуе компаниясына тиесілі Airbus A321 жолаушылар ұшағына теракт жасалғанын қатаң айыптады.

Ресми Астана таратқан мәлімдемеде Қазақстанның «ғаламдық террорлық қауіп-қатерге халықаралық құқық нормаларына сай ұжым болып күресу әрекеттерін қолдайтыны» және «бұл халықаралық зұлымдықпен ымырасыз күрес жүргізуге дайын екені» айтылған. СІМ ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасылары мен Ресей халқына және үкіметіне көңіл айтты.

31 қазанда Египеттің Шарм-эш-Шейх қаласынан Ресейдің Санкт-Петербургіне ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағы әуеде апатқа ұшырап, бортындағы 224 адам түгел қаза тапқан. Апаттан соң Сириядағы «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының Египеттегі бөлімі ұшақ апатын өздері жасағанын мәлімдеген. Кейін АҚШ пен Батыс елдерінің арнайы қызметтері ұшақ бортында жарылыс болғаны туралы болжам жасаған.

17 қарашада Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі апатты тергеу қорытындысы Airbus A321 ұшағына теракт жасалғанын көрсеткені туралы мәлімдеген.

http://www.azattyq.org/