2 наурызда Астанада өткен сенаттың арнайы отырысында энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Ресейден дизелдік отын мен бензин тасымалына 45 күндік мерзімге конвенциялық тыйым салатынын мәлімдеді.
Министр «аталған тыйым 5 наурыздан бастап енгізілетінін» айтты.
«Жыл басынан бері екі айда елімізде Қазақстанда жанар-жағармай қоры жинақталды. Бұл тыйым бензин бағасына әсер етпеуі тиіс. Тек 45 күннен кейін біз бұл тыйымды алып тастауымыз мүмкін, осылайша жанар-жағармайдың нарығы жыл бойына реттеліп отырады», — деді вице-министр
Энергетика министрлігінің есебінше, 2015 жылы Қазақстан Ресейден 1 млн 100 мың тонна бензин мен 760 мың тонна дизелдік отын алуды жоспарлап отыр.
http://www.azattyq.org/archive/news/20150302/330/330.html?id=26877744