Рубльдің құлдырауына байланысты Қазақстан Ресейге ет экспортын тоқтатуға мәжбүр болып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді деп хабарлайды Businessnews.kz.
Бұған дейін ай сайын 2 мың тонна сиыр еті көрші елге сатылып келген. Министрдің айтуынша, Ресей валютасының арзандауына байланысты, тонналаған ет экспортталмай тұр. Отандық шаруалар жағдайдың тұрақталғанын күтеді. Айта кетейік, министрлік биыл сырт елдерге барлығы 10 мың тонна ет сатуды жоспарлаған. Оның ішінде 5 мың тоннасы — сиыр еті.
Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
– Қазіргі таңда Ресейге ет сату тоқтатылды. Өйткені тиімсіз. Тауар қатталып мұздатқышта сақтаулы. Шаруалар хабарласып, қазіргі рубль курсымен сатудың мәнісі жоғын айтады. Жағдай уақыт өте қалпына келеді деп ойлаймыз.
Жылдың соңғы айларында министрге ең жиі қойылған, қызметіне қатысты сұрақ бұл жолы да алдынан шықты. Оның бұрынғы орынбасары Мүсілім Өміриявке қатысты апелляциялық сот үкімі өзгеріссіз қалғаны мәлім. Экс-шенеунік 10 жылға сотталды. Әу баста Асылжан Мамытбеков орынбасарының қылмысы дәлелденсе, өзі де отставкаға кететін айтқан. Бірақ алғашқы сот отырысынан соң, ол әлеуметтік желіде қызметтен кетпейтінін меңзеген пост жазды. Сондай-ақ, сот процесі әлі аяқталған жоқ деген болатын.
economkaz.kz/
Толығырақ: http://alashainasy.kz/economica/kazakstan-reseyge-et-eksportyin-toktatuga-majbur-59863/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі