‘Қазақстан’ ұлттық арнасында жаңа сериал басталады

jkl«Қазақстан» ұлттық арнасында 2013 жылғы 11 қарашадан бастап «Ауыл сақшысы» деген сериал басталады. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасына сілтеме жасап, киностан сайты жаздыvideo 0

Сюжетте қаладан ауылға ауысып келген жас полицей туралы баяндалады. Жұмысы біткеннен кейін лейтенант қалаға оралмақ болады, бірақ махаббат оның жоспарын өзгертеді. Сериалда сондай-ақ жер қойнауында жатқан қазба байлық үшін жерге таласқан үлескерлер туралы сөз болмақ.

Жобаның сценариін жазған Бейбарыс Жұманиязов. Музыкасы Айдос Сағатовтыкы. Сериалды түсірген — белгілі режиссер Сәбит Құрманбеков, продюсері — Виктор Климов. Ауыл сақшысы рөлін Дәурен Серғазин сомдайды.

16 бөлімнен тұратын «Ауыл сақшысы» сериалы «Қазақстан» арнасында 11 қарашадан бастап көрсетіледі.


Lite.BNews.kz «lite.bnews.kz».