АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстанда тұрлауы кеткен ауылдардан 2,7 мың отбасы қоныс аударды

ррррҚазақстанда тұрлауы кеткен ауылдардан 2,7 мың отбасы қоныс аударды. Бұл туралы бүгін 6-шы Астана экономикалық форумы аясында өткен «Жаһандық жұмыссыздық: шешімдердің кешенді жолдары» атты сессияда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов айтты деп хабарлайды Қазақпарат.

Оның атап өтуінше, жұмыс күштерін экономикалық белсенді өңірлерге қоныстандыру «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының үшінші бағыты аясында жүзеге асырылды. «Қоныс аударған азаматтардың отбасылық құрамының жалпы саны 9,8 мың адамды құрайды», — деді ол.

Сонымен қатар министр өткен жылдан бастап бағдарламаның жаңа төртінші бағыты «ауылдық елді мекендерді дамыту» жүзеге асырыла бастағандығын атап өтті.

«Бұл бағыттың аясында 565 жоба жүзеге асырылды. Ауылдық жерлерде 7,3 мың жұмыс орны құрылды», — деді С.Әбденов.

Айта кетейік, сессия жұмысына еліміздің атқарушы және орталық органдарының, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Нобель сыйлығының лауреаттары, ТМД елдерінің еңбек министрлері қатысты.

http://ult.kz/kz/article/view?id=1350