АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстандағы аптап ыстық қайтады[:]

[:kz]

Без названия (4)Үш күннен кейін Қазақстандағы аптап ыстық қайтады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Қазақстанның басым бөлігіндегі ыстық ауа райына себеп болған оңтүстік-батыс тропосфера ағыны солтүстікке ауыса бастайды. Сондықтан, алдағы үш күнде ауа температурасы қалыпқа түседі, Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында температура 2-5ºС төмендейді. Сенбі күні салқын атмосфералық бағыт әсерімен солтүстік, орталық және шығыс облыстарда найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді. Тек Қазақстанның батыс бөлігінде ғана әдепкі ауа температурасынан 3-5ºС жоғары ыстық ауа райы сақталады», — делінген хабарламада. 

Қазақпарат

[:]