Қазақстан тұрғындары үшін ең қауіпті аурудың рейтингі жарияланды. Сонымен, ел тұрғындарын қазіргі кезеңде қандай сырқат мазалайды?
Денсаулық сақтау министрлiгінің деректеріне қарағанда, бүгінгі таңда қан айналымы жүйесі ауруы халық үшін алаңдатушылық жағдайда тұр. Соңғы бес жылда бұл ауру 7 пайызға жеткен. 100 мың тұрғынға шаққанда 2454 адамнан айналып отыр. Әрине, бұл салада өзгерістер бар. Аймақтарда 20 инсульт орталығы ашылды, жыл аяғына дейін тағы 28 орталық ашу көзделіп отыр. Қазақстан тұрғындары үшін екінші орында онкологиялық аурулар тұр. Соңғы 5 жылда онкологиялық сырқатпен ауыратындар 4, 4 пайызға артты. Дерекке сенсек, 2012 жылы 100 мың адамға шаққанда аталған аурумен ауыратындар 1901 адамға жетті. Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары Қазақстан халқы үшін үшінші проблемалардың бірі ретінде улану мен жарақат алу, тосын жағдайлар мен апаттан көз жұму деректерін алға тартады. Қант диабеті де қазақстандықтар үшін өзекті мәселеге айналды. Соңғы бес жылда қант диабетімен ауыратындардың саны 15 пайызға артты. Дұрысы, бала жастан отбасылық салауатты өмір салтын қалыптастыру ғой. |
Следующий