АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстандық ауыр атлет қыз Нанкинде қола жүлде алды

Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасында қазақстандық ауыр атлет Татьяна Капустина қыздар арасында 63 килограмнан жоғары салмақта қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы Нанкиннен Азаттық тілшісі хабарлады.

Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 228 килограм (жұлқа көтеруде — 105 кг, серпе көтеруде — 123 кг) салмақ көтерді. Капустинаның бәсекелесі ресейлік Светлана Щербакова да 128 килограмды көтерген. Бірақ салмағы Капустинадан жеңілек болғандықтан күміс жүлдені Ресей спортшысы алды. Бұл салмақтағы сайыста 244 килограмды көтерген таиландық спортшы Чаиди Дуангансорн чемпион атанды.

Қазақстан спортшылары Нанкиндегі олимпиадада осыған дейін бір алтын (Бауыржан Жауынтаев — дзюдо) мен бір қола (Жасұлан Қалиев — ауыр атлетика) жүлделер алған еді.

Нанкиндегі жасөспірімдер олимпиадасы 28 тамыз күні аяқталады.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html