АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қазақстандық сақшылар шекарадан экзотикалық 300 тасбақаны тауып алды

5a133fa4c97f8e64552b4910fa4fbb3e_LБұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстандық сақшылар шекара бойынан сыйымдылығы 100 литр болатын бөшке тапты. Сарыағаш шекара отрядына қарасты «Қайрат» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды «Ашынал» арнасының маңайынан тапқан бөшкенің ішін ашып қарағанда, одан тарбаңдаған тасбақалар шыға келеді. Шекарашылар санап, оның 300 дана екендігін анықтаған. Бөшкенің мемлекеттік шекара сызығынан бар-жоғы 30 метр жерде жатқандығына қарағанда әлдекім осындай жолмен экзотикалық жәндіктерді елімізге өткізуге тырысқандығы анық. Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары құлақдар етілді.

Источник: http://24.kz/kz/