АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қазақстандықтар Конституция күніне орай қанша күн демалады

9389c03b4c1c9f7b0b0311352b68ef7dҚазақстандықтар Конституция күніне орай үш күн демалады, — деп хабарлайлы Tengrinews.kz тілшісі.

Дәстүрлі түрде 30 тамызда жыл сайын тойланатын Конституция күні биыл жексенбіге келіп отыр. Тәртіп бойынша, мереке күні мен демалыс күні сәйкес келіп қалса, мерекеден келесі күні де демалыс жарияланады.

Осылайша, биыл қазақстандықтар 29, 30 және 31 тамызда демалады. Еске сала кетейік, egov.kz сайтында мерекелердің 2015 жылға арналған күнтізбесі шыққан болатын.

Айта кетейік, биыл Қазақстанның ел Конституциясын республикалық референдумда қабылдағанына 20 жыл толады. Негізгі заңның мерейтойы Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдық мерейтойымен бірге жалпымемлекеттік деңгейде тойланады.

http://kaz.tengrinews.kz/