2015 жылғы қаңтар-мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен өзара саудасы — 6 491,7 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл 2014 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 14,1 пайызға аз. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы бойынша экспорт — 1 млрд 873,7 млн. АҚШ долларды (былтырғыға қарағанда 16,2 пайызға аз), ал импорт — 4 млрд 618,0 млн. АҚШ долларды (былтырғыға қарағанда 13,2 пайызға төмен) құраған. «Қазақстан Республикасының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер (ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне 51,2 пайыз), химиялық өнеркәсіп өнімдері (20,2 пайыз), металдар және олардан жасалған бұйымдар (16,8 па йыз), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (3,8 пайызды) құрады. Ал ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 30,2 пайыз), металдар және олардан жасалған бұйымдар (17,9 пайыз), минералды өнімдері (14,2% пайыз), химиялық өнеркәсіп өнімдері (13,3 пайыз), мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (12,3 пайыз) әкелінген», — делінген баспасөз баянында.
http://zhebe.com/