Астана. 28 наурыз. Baq.kz – Орталық Азия және ТМД елдері арасында қазақтар ең бақытты халық болып танылды. Jetpac ұйымының сарапшыларының Instagram әлеуметтік желісінің мәліметтеріне сүйене отырып жүргізген зерттеулері осындай нәтиже беріп отыр.
Компания өкілдері әлеуметтік желідегі 150 миллион фотосуретті зерттей отырып, аймақтағы ең бақытты халықты анықтаған. Сарапшылардың басты назар аударғаны — адамдардың суреттегі көңіл-күйі және интернет пайдаланушылардың берген бағасы.
Мамандардың пікірінше, жалпы Азия құрлығында ең жиі күлетін халық — филиппиндіктер (46 балл). Ал, қазақтар бұл тізімнің екінші сатысында (39,6 балл). Одан әрі Лаос, Түркия, Мьянма, Қырғызстан, Тайланд, Израиль және Бангладеш елдері орналасқан. Азия құрлығындағы ең аз күлетін ұлт — өзбектер көрінеді. Олардың еншісінде 26 балл.
Ал, жалпы әлемге келер болсақ, сарапшылардың пікірінше, ең жиі күлетін ұлттар Латын Америкасында өмір сүреді екен.
Fastcoexist порталының хабарлауынша, әлеуметтік желідегі суреттер арқылы тұтастай бір халыққа баға беру дұрыс емес. Суретке әркім әрқалай түскенді ұнатады деп жазады портал тілшілері. Сондықтан, ең бастысы елдегі иммиграция мәселесіне назар аударған жөн.
http://baq.kz/kk/news/45171