АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ҚАЖЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУҒА 16 МЫҢ АВТОБУС БӨЛІНІП ОТЫР[:]

[:kz]

xlargeҚасиетті қажылық маусымы кезінде Мекке шаһарына 1,33 млн жан келеді деп күтілуде. Шаһар билігі қажыларды тасымалдау жұмысына 16 мың автобус бөліп отыр.

Бөлінген автобустардың барлығы да халықаралық қауіпсіздік ережелеріне сай, сондай-ақ, соңғы техникалық құрылғылармен жабдықталған. Айта кетерлігі, аталмыш автобустардың 1106-ы осы жақында ғана арнайы қажылық маусымы үшін сатып алынған. Бұл үшін Сауд Арабиясы билігі 101 млн доллар жұмсаған екен.+

Бұған қоса, қажылық маусымы кезінде Мекке, Мадина және Жидда қалаларын жалғастыратын автомагистральдардағы орын алған техникалық ақауларды реттеп отыруы үшін 18 қызмет көрсету орталығы іске қосылған.

http://www.muslim.kz/

 

[:]