АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

КЕЛЕСІ ЖЫЛДАН БАСТАП ӘСКЕРИЛЕРДІҢ ЗЕЙНЕТАҚЫСЫ БЮДЖЕТТЕН ТӨЛЕНЕТІН БОЛАДЫ

201418022020572016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күш құрылымдарының барлық қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлім етті.
«Күш құрылымдары қызметкерлерінің зейнетақы мөлшері еңбек сіңірген жылдарына және қызметтен босатылған сәттегі ақшалай қамтылымына байланысты есептелетін болады. Бұл ретте, 2016 жылдан бастап күш құрылымдар қызметкерлерінің ақшалай қамтылымынан 20 пайыздық міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша мемлекеттік бюджеттің міндеттемелері жойылатын болады. Бұдан басқа, олардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомаларының елу пайызын бюджет кірісіне қайтару ұсынылады», — дейді С.Жақыпова.
Сондай-ақ қызмет өткерудің тең шарттарында түрлі уақыт кезеңдерінде запасқа шығарылған әскери құрылым зейнеткерлерінің зейнетақы төлемдерінің мөлшеріндегі сәйкессіздікті жою үшін 2016 жылға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне, зейнетақы ісінің материалдары бойынша қызметтен босатылған күнге еңбек сіңірген жылы, еңбек өтілі, ақшалай қамтылымы есепке алынып, толық емес көлемде біржолғы қайта есептеу жүзеге асырылатын болады.

http://zhebe.com/i