АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Кенеттен өткізілген тексеріс

скачанные файлы (1)Ағымдағы жылдың 31 қазанында әуе нысаналарын айқындау, басып алу бойынша Әуе қорғанысы күштерінің (ӘҚК) кезекші күштері мен құралдарының әзірлігі мен қабілеттілігінің жай-күйіне кенеттен тексеру жүргізілді.
Ұшақтар (оқу нысаналары) Әуе қорғанысы күштеріне белгісіз берілген бағдарлар бойынша еліміздің әр нүктесінен ұшып шықты. Әуе қорғанысы күштеріне оларды басып алу және шартты жою жөнінде уақтылы анықтау және шаралар қабылдау тапсырмасы берілді.
Кенеттен тексеру барысында тактикалық-жауынгерлік тапсырмаларды орындай отырып, ӘҚК-нің бөлімшелерін дабыл бойынша көтерумен іс-қимылдарды пысықтауға ерекше көңіл бөлінді.
Тосыннан тексерілуге
жойғышының экипаждары, Ми-17-нің 2 тікұшағы мен ТЛ-2000-ның 3 ұшу аппараты, сондай-ақ, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдері, бөлімшелері және Әскери-әуе күштерінің экипаждары тартылды.
Нәтижелері бойынша кенеттен тексеріске қатысқан кезекші күштердің іс-қимылдары талқыға салынады.
«Егемен-ақпарат».