АЛТЫНОРДА
Новости

Киевтегі Ресей елшілігіне азагүл қойды

Киевтегі Ресей елшілігі. 21 маусым 2014 жыл.Украинаға қарсы «ресейлік басқыншылық» құрбандарын еске алу үшін бүгін Киевтегі Ресей елшілігі алдына келген қала тұрғындары өздерімен бірге азагүлдер әкелді. Бұл туралы Украиналық ақпарат құралдары хабарлады.

Шараға қатысушылар сонымен бірге Францияның тікұшақтар тасымалдайтын «Мистраль» кемесін Ресейге сатуға қарсылық білдіріп, Украина армиясына қаржы бөлуді және Ресеймен іскерлік қарым-қатынасты үзуге шақырған.

Бұдан бір апта бұрын Киевте наразылық акциясын өткізгендер Ресей елшілігінен ол елдің туын жұлып алып, дипломаттарға тиесілі бірнеше автокөлікті төңкеріп тастаған еді. Олар елшілік ғимаратына жұмыртқалар лақтырып, бояу жаққан.

http://www.azattyq.org/content/news/25430009.html