АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Ким Чен Ын: Ядролық қару қолдануға әркез дайын тұруы тиіс

images (2)Солтүстік Кореяның ядролық қаруы кез келген сәтте қолдануға дайын тұруы керек. Ким Чен Ын осындай жарлық шығарды. Ол елдің әскери доктринасын қайта қарау туралы жоспарын жария етті. Айтуынша қазір ел қауіпті жағдайда тұр. Айта кетейік, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяға қарсы соңғы 20 жылдағы ең қатаң санкцияларды қабылдаған болатын. Жаңа қарар Солтүстік Кореяға авиациялық және зымыран отынын жеткізуге, экспорттауға, сонымен қатар қаржылық операциялар жасауға тыйым салады. Бұдан басқа, Пхеньян қару-жарағын да сата алмайды. Сондай-ақ, елден жырақ көмір, темір, алтын, титан секілді өзге де сирек минералдар шығару жайына да шектелеулер бар. Осы қарар енгізілгеннен кейін Солтүстік Корея оған қарымта ретінде көп нысаналы жаңа зымыран қондырғысын сынақтан өткізді.

Источник: http://24.kz/kz/