Бүгін Қазақстан Коммунистік халық партиясы атынан ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықов аймақтық сайлауалды штабтары жетекшілерімен скайп-конференциясын өткізді.
Кіріспе сөзінде Т.Сыздықов үгіт-насихат науқаны жоғары дәрежеде жария және тең мүмкіндіктер жағдайында өткізіліп отырғанын жеткізді.
«Осы сайлау науқаны арқасында біз бұқара халықтың назарын аударып, сайлауалды бағдарламаның негізгі акценттері мен қағидаларын жеткіздік», — деді Т.Сыздықов.
«Кандидаттың үгіт-насихат поезды сегіз аймаққа барып, сайлаушылармен 60 астам кездесулер өткізілді.
Біз өзіміздің коммунистік тұғырнамамыз, марксизм-ленинизм идеялары, жалпы адамдық құндылықтар – бейбітшілік, тұрақтылық пен төзімділік, интернационализм мен халықтардың достастығы туралы әңгіме қозғадық.
Көп уақытты халықтар арасындағы өзара түсіністік пен ортақ өркендеу мен бейбітшілік үшін барлық халықтардың өзара әрекеттестікке тартылу қажеттігі туралы дискуссияларға жұмсадық», — деді жиналғандарға Тұрғын Ысқақұлы.
Содан кейін, облыстық комитет жетекшілері жұмыс нәтижелері жөнінде баяндады.
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды штабының жетекшісі С.Ярлыгасымов, насихатшылардың 18 елді мекенді аралап, сайлаушылармен кездесу барысында кандидаттың бағдарламасы туралы баяндағанын жеткізді.
Атырауда да жұмыс өз жалғасын табуда. Атырау облысы бойынша сайлауалды штабының жетекшісі Е.Даулетқазиев баяндағандай аймақта жүргізіліп отырған жұмыс жемісті. Штаб қызметкерлері Ақкөл, Мақат, Аққыстау, Көлсары аудандық орталықтарда кездесулер өткізген.
Ақтөбелік сайлауалды штабында 5 сенімді тұлға және 20 обком белсенділері, бүкіл облыс бойынша 120 насихаттаушы қызмет етіп келеді, — деді Ж.Молдашев.
Маңғыстау облыстық сайлауалды штабы Ақтау қаласынан басқа үш елді мекенде – Шетпе, Форт Шевченко, Мұнайшы қалаларында кездесулер өткізді, — деп баяндады обком жетекшісі Р.Махамбетова.
Сайлауалды штабының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жетекшісі Н.Қадырқұловтың айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысында тіпті алыс жатқан аудандар қамтылды. Осы уақытқа дейін 250 астам кездесулер және 15 000 жуық адамдар қамтылды.
Белсенді жұмыс Қызылорда және Жамбыл облыстық сайлауалды штабтарымен жүргізілуде, олар облыс тұрғындары мен еңбек ұжымдарымен 100 астам кездесулер өткізді.
Республикалық штаб жетекшісі А.Қоныров елде 16 облыстық және 1 республикалық сайлауалды штабы қызмет етіп отырғанын, кандидатың 100 жуық сенімді тұлғаларының тіркелгенін, үгіт-насихат жұмысында 15 000 астам белсенділер мен насихаттаушылар тартылғанын баяндады.
Басылымдар мен электронды бұқаралық ақпарат құралдарында, теледидарға кандидат пен аймақты сайлауалды штабтарының қызметі туралы мыңнан астам ақпарат жарияланды.
«Біз Казахстанская правда, Егемен Қазақстан газеттерімен, Bnews сайтымен, 24kz, Хабар, Казинформ агенттіктерімен тығыз ынтымақтастық орнаттық», — деді А.Қоныров.
Орыс және қазақ тілдеріндегі сайлауалды бейнероликтері төрт ресубликалық – КТК, Хабар, 31 канал, Қазақстан телеарналарында көрсетіліп келеді.
Қазіргі кезге дейін бейнежазба 184 рет көрсетілді. «Қазақ радиосында» екі тілде үгіт-насихат аудиожазбасы таратылуда.
Бүкіл республикада, облыс орталықтарындағы, аудандар мен ауылдардағы жарнамалық орындарда 600 000 сайлауалды плакаттары ілінген.
Әрбір облыс орталығында 80 билборд орнатылған.
Сонымен бірге, Т.Сыздықовтың белсенділері халықаралық бақылаушылармен кездесулер өткізген – ЕҚЫҰ өкілдері барлық облыстық сайлауалды штабтары қызметкерлерімен кездесті.
Республикалық штабта да ЕҚЫҰ басшысымен және сайлауды бақылау бойынша республикалық қоғамдық комиссияның өкілдерімен кездесулер өткізілді. Сайлау науқаны қандай да құқық бұзушылықтарсыз, ұлттық заңнама мен халықаралық нормалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылып келеді.
ҚКХП Республикалық сайлауалды
штабының баспасөз қызметі
Тел.: 8 (7172) 78-47-96
+7778 888 24 34, +7 701 461 78 58
knpk2015@mail.ru, www.knpk.kz