АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Клоди Эньере соңғы 8 жылда ешбір БАҚ-қа сұхбат бермеген екен.

claudie_haignereСоңғы 8 жылда ешбір БАҚ-қа сұхбат бермеген аты аңызға айналған тұңғыш француздық ғарышкер-әйел Клоди Эньеренің «Қазақстан» телеарнасына сұхбаты «Сенбілік таң» бағдарламасында

«Қазақстан» телеарнасындағы «Сенбілік таң» бағдарламасының 11 сәуірдегі саны ғарышкерлер күніне арналады. Оның басты кейіпкері – аты аңызға айналған тұңғыш француз ғарышкер-әйел — Клоди Эньере.

Клоди Эньере соңғы 8 жылда ешбір БАҚ-қа сұхбат бермеген екен. Тіпті Ресейдің мықты деген журналистерін жанына жолатпаған көрінеді. Араға 8 жыл салып Клоди Эньере ханым алғаш рет қазақстандық журналист Гұлмира Дайрабаеваға сұхбат береді.

stan_11-04-151996 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарышқа ұшқан француз қызы қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаевпен бірге жаттығу жұмыстарын жасаған. Э.Клоди 1957 жылы 13 мамырда Ле-Крезода дүниеге келген. Медицина ғылымдарының докторы, ревматолог, авияциялық медицина саласының маманы.

Эньере Клоди екі рет ғарышқа көтерілген Еуропадағы тұңғыш әйел. Алғаш рет 1996 жылы Ресейлік космостық «Союз ТМ -23» корабльінде ұшса, екінші рет 2001 жылы «Андромеда» миссиясы бойынша Халықаралық ғарыш станциясында болған.

Ол орбитада 25 күн 14 сағат 22 минут өткізген. 2009 жылы ең ірі ғылыми-техникалық «Universcience» музейінің президенті болып сайланды. Биология, спорт медицинасы, ғарыш медицинасы, неврология салалары бойынша бірнеше кандидаттық диссертациялар қорғаған, әр салада жетістікке жетіп жүрген ерекше білімді жан.

Ғарышқа қатысты еңбек жолын аяқтағаннан соң Эньере Клоди саясатпен де айналысады: Жан-Пьер Рафференаидың басшылық еткен Үкіметтің құрамында Еуропа істері жөніндегі министр, кейін ғылыми зерттеулер және жаңа технологиялар министрінің орынбасары қызметін атқарды.

«Сенбілік таң» бағдарламасы «Қазақстан» ұлттық арнасы атынан Клоди ханымға оюлы қазақ шапанын жауып, ғарыш пен сұлулық құпиялары жөнінде әсерлі әңгіме жүргізді. Талғат Мұсабаев жайлы естеліктірін айтып, барша қазақстандықтарға жалынды сәлемін жолдады.

11 – сәуір сағат 9.00-де «Қазақстан» телеарнасында «Сенбілік таң» бағдарламасының жүргізушісі Гүлмира Дайрабаеваның Клоди Эньеремен әсерлі сұхбатын өткізіп алмаңыздар!

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы «Қазақстан» ұлттық телеарнасын, «Балапан» және «КAZsport» телеарналарын, Қазақ, «Шалқар», «Астана» және «Classic» радиоларын, сондай-ақ аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіреді. Корпорацияның ресми сайты www.kaztrk.kz. Әлеуметтік желілердегі парақшалары: facebook.com/Kaztrk.kz, twitter.com/kaztrk_kz, youtube.com/user/NTKKazakhstan