АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қоғамдық мониторинг: кім, кімді, қалай

мониторингТМД елдерінің жекелеген елдерінде, оның ішінде Қазақстанда автомобиль жолдарында бейне регистраторларының жиі қолданыла бастағандығын қалай түсіндіруге болады? Біздің азаматтар үшін бұл сұрақтың жауабы анық. Шетелдіктер бұл сұрақтың жауабын білмеуі де мүмкін. Youtube сайтындағы видеоларға пікір қалдырған кезде шетелдіктердің автокөлік иелерінің басым бөлігінің бейне регистраторларды неліктен қолданатындығы жайлы сұрайтыны кездейсоқтық емес.

Американдықтар бұл бейне құралдарының автомобильдік қозғалыстың басқа қатысушыларының ереже бұзуын тіркеу құралы ретінде қолданылытындығын түсінуі мүмкін (мұндай жағдайда, автокөлік иелеріне ол үшін қанша қаржы төленетіндігі немесе партульдық қызметтер не істеп жүргенін сұрауы әбден ықтимал). Бұл құралдардың құқық қорғау органдарының өкілдерінің құқық бұзған жағдайларын тіркеу үшін де ыңғайлы екендігін бірден түсінеді ме?

Жолдарда бейне регистраторлар Қазақстанда «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңның енгізілуімен күшке енген қоғамдық мониторинг институтына ұқсас келеді. Қоғамдық мониторингтің мәні мынадай – мемлекет азаматтарға мемлекеттік қызметтердің тиісті түрде көрсетілмеуі жағдайларын тіркеу құқықтарын береді. Қалайша?

 

Сіз келесі қиыншылыққа тап болдыңыз деп елестетейік

Сіз тұратын көпқабатты үйдің ауласында алкогольдік ішімдіктер ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзатын адамдар жиналады. Бұл мәселе емес, мәселенің зардабы.  Мұндағы мәселе учаскелік инспекторда. Ол Бэтмен секілді. Оны табу мүмкін емес.  Сіз бұл мәселеге көнуіңіз мүмкін немесе учаскелік инспектордың қызметіне қоғамдық мониторинг жұмыстарын өткізе аласыз. Мысалы, белгілі бір мерзімде аулаңызда орын алған құқық бұзушылық жағдайларын санау қажет. Оның нәтижесін мемлекеттік қызметті бағалауға өкілетті органға тапсырған жөн (Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік). Ол бұл ақпаратты алып, оған тиісінше жауап шараларын қолдануы тиіс.

Алайда, іс жүзінде бір көпқабатты үйде тұратын 200 адамның барлығы «Мен бұл мәселені неге шешуім керек? Үй басқарушысы қайда? Үшінші қабатта тұратын, зейнетақы жасындағы көршім неге айналыспайды? Оның бос уақыты бар ғой» секілді сұрақтарды өз өздеріне қояды.  Осылайша, азаматтық белсенділігі жоғары азаматтар табылмаған жағдайда бұл мәселе шешілмейді.

 

Өз мәселеңізді қандай да бір қоғамдық ұйымға жүктеңіз

Жекелеген азаматтар топтарының мүддесін қорғау үшін ашылған ұйымдардың қолдауын табуға болады (көбінесе, қоғамдық бірлестіктер). Ең бастысы, мүдделері мұндай бірлестіктермен азаматтар тобына жатуыңыз қажет. Мысалы, учаскелік инспектордың жұмысын жақсартуда сәнді иттерге әуесқойлары бірлестігінің көмек көрсетуі екіталай. Сыра әуесқойлары қоғамынан да қолдау таба алмайсыз. Ал балалар құқықтарын қорғаумен айналысатын ұйым үшін сіздің мәселеңіз өзекті болуы мүмкін, өйткені қоғамдық тәртіпсіздік қала көшелерінде балалардың қауіпсіздігіне кері әсер етеді. Олар учаскелік инспектордың жұмысының мониторингін жасауда қызығушылық танытуы әбден мүмкін.

 

Мәселеңіз шешілмеген болса…

Біз саналы адамдар жөнінде әңгіме қозғаймыз деп келіскендіктен бұл іздестіру жұмыстарының сәтсіз болуының ықтимал екендігін мойындайық. Олай болса бұл жағдайға басқа тұрғыдан қарағанымыз жөн.

Барлығымыз сатып алатын тауарлардың немесе бізге көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде хабардармыз. Дүкенде Сізге шіріген құлпынайды сатып жіберді деп елестетейік. Бұл жағдайда тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамына хабарласудан гөрі мәселені өз бетіңізбен шешуге тырысуыңыз ықтимал. Өткені, сіздің тұтынушы ретінде құқығыңыздың бұзылғаны айдан анық.

Мемлекеттік қызметтер тұрғысынан бұл жағдай күрделілеу. Көбінесе мемлекеттік қызмет тұтынушылары ретінде біздің құқығымыз бұзылған жағдайда біз оны байқамауымыз да мүмкін. Ресейлік стоматологтар федерациясы қандай тіс пастасын мақұлдағанын білуіңіз мүмін. «102» нөміріне қоңырау шалған жағдайда полиция қанша уақытта келуі тиіс екендігін білесіз бе? Үй тұрғынынан өтініш қабылдаған жағдайда учаскелік инспектор қандай шаралар қолдануы тиіс? Көпқабатты үй тұрғындары қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктерді ішудің қоғамдық тәртіпті бұзу деп саналытынын біледі ме?

Бейне регистраторлар қоғамдық мониторинг институтына ұқсас келетінін айтқан болатынбыз. Оларды өз құқықтары мен мүдделерін жетік білетін, оларды қорғауға дайын жүргізілердің қолданатындығы анық. Қоғамдық мониторинг те мемлекеттік қызметтерді және оларды көрсету тәртібін жетік білетін азаматтарсыз мүмкін емес. Сіз және басқа азаматтар (бұл жағдайда көпқабатты үй тұрғындары) мемлекеттік қызмет алу барысында өз құқықтарын қорғау үшін қоғамдық мониторингті қолдану үшін адамдар өз құқықтары жөнінде жетік деңгейде хабардар болуы тиіс.

 

 

Жұлдыз Смағұлова