АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Көңіл айту жеделхатын жолдады

7aafadc42612336ec5930afc512ea23e_XLМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шамғон Қажығалиевтің қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жеделхатта Елбасы қазақ өнерінің аса көрнекті өкілі, барша халқымыздың мақтанышы болған Ш.Қажығалиевтің дүние салуына байланысты көңіл айтты. «Шамғон Сағаддинұлы халқымыздың арасынан шыққан алғашқы кәсіби дирижерлердің бірі, домбырашы, педагог ретінде өнеріміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Өзі басқарған Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрін әлемге танытып, талантты шәкірттердің бірнеше буынын тәрбиеледі. Ол ұлттық бай мұрамыз бен классикалық шығармаларды насихаттауға аса зор еңбек сіңірді», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев соңына мол мұра қалдырған Ш.Қажығалиевтің жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталатынын атап өтті. *** Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі Қилыбай Медеубековтің қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жеделхатта қазақ ғылымының көрнекті өкілі Қ.Медеубековтің Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының (ВАСХНИЛ) вице-президенті, оның Шығыс бөлім­шесі төралқасының төрағасы, білікті ғалым ретінде еліміздің өркендеуіне зор үлес қосқаны атап өтілген. «Қилыбай Үсенұлы ауыл шаруашылығы саласына арнап көптеген мамандар мен ғалым шәкірттер даярлап, өзіндік мектебін қалыптастырды. Оның маңызды ғылыми еңбектері және жолын жалғастырушы ізбасарлары алдағы уақытта да ел игілігіне қызмет ете береді деп сенемін», – делінген жеделхатта. Қазақстан Президенті республикамыздың дамуына көп еңбек сіңіріп, ғылымда айрықша із қалдырған Қ.Медеубековтің жарқын бейнесі халқымыздың жадында әрдайым сақталатынын айтты.

Ақпарат көзі: http://egemen.kz