Корей әйелдері мәңгі күліп жүруді қалайды

434_0255a71f96b5b46c4152b7759cb90f02Астана. 26 тамыз. BAQ.KZ – Оңтүстіккореялық әйелдер арасында жаңа тренд пайда болды. Енді олар еріндеріне пластикалық ота жасатып, өмірлерінің соңына дейін күліп жүрмек. 

Бұл жайында «Business Insider Australia» хабарлады. Басылымның айтуынша, ғаламторда оңтүстіккореялық клиникалардың бірінде пластикалық хирургияның жаңа түрі пайда болғандығы айтылған. Кәрістердің өздері болса бұл операцияны «Smile Lipt» деп атайды. Мұндағы екінші сөз «lips» (ерін), және «lift» (көтеру, тарту) сөздерінен құралған.
Ота жасау кезінде еріннің жан-жағы жоғары қарай сәл тартылады. Мұнан кейін оны жасатқан адамның жүзінен күлкі өмірінің соңына дейін кетпейтін болады. Ел тұрғындары осылайша қиын сәтте біріне бірі күлкімен болса да қолдау көрсетеміз дейді.
Мамандардың айтуынша, Оңтүстік Корея тұрғындары пластикалық ота жасатуда алдына жан салмайды екен. Мұндағы әрбір төртінші әйел өмірінде кемінде бір рет пластикалық хирургтың көмегіне жүгінген.

http://www.baq.kz/kk/news/34541