АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

КОРЕЯЛЫҚТАР ДА КӘМПИТ ЖЕЙДІ

Қазақстандық шоколад Оңтүстік Кореяға экспортталады
ҚазАқпарат — Оңтүстіккореялық инвесторларға қазақстандық кондитерлік өнімдер ұнады. Олар Азия елдеріне, соның ішінде Оңтүстік Кореяға экспортталады.
Бұл туралы бүгін Алматыда «Рахат» АҚ фабрикасын аралаған  Премьер-министрдің орынбасары,  Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.
«Рахат» компаниясы жаңғырту жұмыстарын өткен жылы аяқтаған.  Оның жаңа қожайындары өндірісті кеңейтіп, Шымкентте жаңа кәсіпорынды ашуды жоспарлап отыр», — деді Ә. Исекешев. Оның сөзіне қарағанда, шетелдік инвесторлар Алматыдағы жобаларын жалғастыруға ниетті. Корейлік «LATTE» компаниясы  бүгінде Азияда кондитерлік өнім шығаратын нөмірі бірінші өндіріс ошағы.  Оның жетекшілері бұл орыннан айырылмау керектігін жақсы түсінеді.

«Бастысы, қазақстандық шоколадқа сұраныс бар.  Кәмпиттер өндірісін ұлғайту қажет.  Шоколадтың сапасы инвесторларға ұнады. Жергілікті кондитерлік өнімдер Азияға шығарылады.  Сонымен қатар Ресей мен Орталық Азия елдеріне экспорттау үшін олар өз өнімдерін осы фабрикада өндіретін болады. Бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына, салықтардың түсуіне, жаңа тауарларды шығаруға жол ашады», — деп атап өтті Әсет Исекешев.

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/