АЛТЫНОРДА
Новости

Қозы Көрпеш – Баян Сұлу мазарына апаратын жол жөңделіп жатыр

ееЖақын арада туристер ШҚО –дағы Таңсық ауылының маңында орналасқан Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу мазарына еш қиналыссыз бара алатын болады, деп мәлімдейді ШҚО ақпараттық орталығы. 

Мазар Таңсық стансасынан 11 шақырым қашықтықта орналасқан. Аягөз ауданының әкімі Нұрбол Нұрғаливтің айтуынша, бүгінде мазарға апаратын жол республикалық бюджет қаржысынан жөнделіп жатыр. Ұзындығы 4 шақырым болатын жолға асфальт төселді. Жұмыстар келесі жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Қос ғашықтың мазары біздің дәуірімізге жеткен Қазақстандағы көне ескерткіштердің бірі саналады. Мазардың жалпы биіктігі -11,65 м.

 

http://bnews.kz/kk/news/post/169122/