Шаш күтімі қыз болмысында рөлі ерек екені ертеден белгілі дүние. Шаш сұлулығы біраз еңбекті де талап етеді. Аптасына бірнеше рет сусабын, түрлі маскалар, бальзам және т.б. пайдалану. Оған қоса, қыздардың күнде бас жууы тағы бар. Жарайды, сусабынды көп пайдалану өз алдына, шашыңызға тигізер зияны жайлы бір сәт ойланып көрдіңіз бе? Мамандардың айтуы бойынша,шашты жиі жуған сайын оның майлылығы арта түседі. Май қабаты бас терісін құрғап кетуден сақтайтындықтан күнде тазарып отыратын шашта май жылдам пайда болады. Ал шаштың тез майланып кетуі бас терісінің дұрыс қызмет атқаруы десе де болады, себебі, май қабаты шаш талшықтарындағы дымқылдың сақталуын қамтамасыз етеді. Сондықтан, шашты күнде жумай, сусабынды шаш түріне қарай таңдау керек.
Майлы шашты тек күнара жуып отыру қажеттігін алға тартады.
http://anabol.kz/