АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Құрбан айт қабыл болсын! Сіз айтты қалай қарсы алу керектігін білесіз бе?

1432322401_-ynwqnq6scyЖалпы Құрбан айт мейрамы – адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке. Сондықтан жыл сайын бұл мейрамды барша мұсылман сағына күтеді, қастерлейді. Енді «тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, қазақ халқы той алдындағы қарбаластың да маңыздылығына зор мән берген. Мұсылман елдерінің Құрбан айт мерекесінің де арнайы дайындық күні бар. Ол арафа күні деп аталады. Бүкіл мұсылман осы күні айтқа қызу әзірленіп, алдын-ала қамданады. Әр үйде жылы-жұмсақ, тәтті тағамдар дайындалып, сәні мен салтанаты ерекше мерекелік дастархан жайылады. Құрбан айт мерекесі алдында мұсылман қауым толықтай шомылып, ғұсыл құйынып, үстіне жұпар иіс сеуіп, таза киімдерін киіп, айт намазына қатысуға қамданады. Бұл – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүндеті. Демек, Алла елшісі (с.ғ.с) бұл күні мұсылмандарға барлық жағынан таза болуға үндеген. Бұл ретте 9ерекше айта кететін нәрсе, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Құрбан айт намазына барар алдында үйден ештеңе жемей шығатын болған. Сондықтан Құрбан айт намазына барар алдында шәй ішпей шыққан абзал. Сондай-ақ Ораза айт намазы сәл кешірек оқылатын болғанмен, Құрбан айт намазы ертерек оқылады. Ораза айт намазын кейінге іргелітудің даналығы мұсылмандар пітір садақасын кедейлерге асықпай беріп алсын деген ойдан шыққан. Ал Құрбан айт намазын оқуға асығудың мәні – адамдар құрбандықтарын ертерек шалып, олардан тезірек дәм татып, таратсын деген ойдан шыққан болуы керек.

http://alashainasy.kz/