АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Құстарға қамқорлық

Батыс Қазақстан облысына қарасты Ақжайық ауданындағы Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі Чапаев орман шаруашылығының орманшылары жылдағы дәстүр бойынша адамның қанатты достары – құстарға ұя жасады.

Қараторғайларға арналып жасалған ұялардың саны биыл жылдағыдан көбірек, яғни 67 ұя жасалынып, ағаштардың басына ілінген.

-Бұл шараның қанатты достарға қамқорлықпен қатар, өсімдік зиянкестерінің алдын-алудағы маңызы да айрықша. Құстар орманның санитары екені бізге мектептегі табиғаттану пәнінен белгілі, – дейді орман жанашырлары.

 

Гулфайрус Уалиахмет

Батыс Қазақстан облысы

http://munara.kz/

Сурет Munara .Kz cайтынан алынды