АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ҚЫЛМЫСКЕР –ҚЫЗМЕТШІ ӘЙЕЛ

айелАстанада үй күтушісі болып істеген бір әйелдің сол үйден 1 миллион теңгеге жуық заттарын ұрлағаны анықталды. Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаменті хабарлады.

32 жастағы Астана тұрғыны полицияға арызданып, белгісіз біреулердің оның алтын бұйымдарын ұрлағанын айтқан. Алматы ауданы ішкі істер басқармасы ммандары жүргізген тергеу барысында Оңтүстік Қазақстан облысының 40 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол сол үйде қызметші болған.

Үш ай жұмыс істеген әйелге үй иелері еңбегіне орай тиісті ақшасын төлеп келген. Отбасы алтын бұйымдардың біртіндеп жоғала бастағанын аңғарған. Қымбат алтын сағаттар жоғалғаннан кейін полицияға амалсыз жүгінген.

Үй қызметшісі 942 мың теңге болатын алтын бұйымдарды ұрлағанын мойындады. Ұрланған заттар ломбардқа тапсырылған. Қазір ұрының басқа қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда.

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz