Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Темір Сариевпен кездесті. Екіжақты кездесу барысында қырғыз тарапы екі ел арасындағы Чуй облысы маңындағы мемлекеттік шекара мәселесі бойынша жеке келісімді қабылдау туралы ұсыныс жасаған. Бұл туралы «Нұр.кз» сайты жариялады.
Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Темір Сариевтің айтуынша, Ыстықкөлге баратын Бішкек – Нарын – Торығарт автожолы Қазақстан аймағы бойымен транзит арқылы өтеді екен. Аталмыш автожолдың ұзындығы 800 метрді құрайды. Бішкектен Ыстықкөлге баратын бағыт бойынша жолдың кейбір бөлігі Қазақстан шекарасын кесіп өтеді. Сондықтан, Қырғызстан министрлер кабинеті аталған шекараны пайдалануға рұқсат беретін жеке келісімді қабылдау туралы ұсыныс жасап отыр. «Жақын арада біз ортақ экономикалық одақ құратын боламыз. Егер бұл келісімге қол қойылатын болса, біз бұл жол учаскесін өз қарауымызға алуға міндеттенеміз», – дейді Темір Сариев.
Әсел Әнуарбек
http://turkystan.kz/