АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қытай қалаларында отшашуға айыппұл салынатын болды

5cd96536951d8838014b4f3f85e5fa95_LҚытай жеріне жеткен биылғы Жаңа жыл мерекесі биліктің жаңа айыппұл түрін бекітуден басталды. Себебі мұнда бірнеше ірі қалада мерекелік отшашу салдарынан ауада аса улы қабат қалыптасып, халықтың денсаулығына тікелей қауіп төнді.  Мысалы, Шанхай қаласында от шашқан немесе өзге пиротехника түрін пайдаланған адам 500 юань (шамамен 27500 теңге — ауд. 24kz) айыппұл төлеп , жауапқа тартылады. Билік шығарған бұл заңды қадағалау үшін 300 мың белсенді адам қала көшелерін кезектесіп бақылауға кірісіп кеткен. Bloomberg.com-нан аударған: Г.Абилова

Источник: http://24.kz/kz/